13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Басты мақсат — парасаттылық құндылықтарын дәріптеу  

25 ноября, 2021
in Жаңалықтар
0
Басты мақсат — парасаттылық құндылықтарын дәріптеу  
Share on FacebookShare on Twitter

Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментімен сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, парасаттылық құндылықтарын насихаттау мақсатында қолға алынған «200 кездесу» жобасы жалғасуда.

Қазан айында бастау алған жоба аясында Департамент қызметкерлері мен ақпараттық-ағартушылық штабының, дін өкілдерінің қатысуымен және түрлі сала өкілдерімен 120-дан астам кездесулер ұйымдастырылып, жемқорлыққа қарсы іс-қимылды күшейту жөнінде қабылданған заңнамалық шаралардан, Агенттікпен алдын алу мақсатында қолға алынған жобалардан, сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы және ішкі талдаулардың маңыздылығынан  хабардар етті.

Жиында еңбек ұжымдарында парасаттылық қағидаттарын – адалдық, әділдік, әдептілік құндылықтарын енгізуге баса назар аударылды.

Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлық туралы ақпараттарды хабарлаған азаматтарды көтермелеу институты бойынша мәлімет берілді. Жемқорлық фактісі туралы хабарлаған адам соттың айыптау үкімінен кейін пара немесе залал сомасының 10 пайызын ала алады, бірақ бұл көрсеткіш төрт мың айлық есеп көрсеткішінен аспайды.

Көтермелеу адам берген ақпарат шындыққа сәйкес болса және айыпты адамға қатысты сот үкімі заңды күшіне енген жағдайда жүзеге асырылады.

Кездесулер барысында қатысушылардың сұрақтарына жауаптар беріліп, 1424 Call-орталығы көрсетілген арнайы афишалар таратылды.

Previous Post

Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен «Nur Otan» партиясы Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті

Next Post

Шымкент ХҚО-лары 2021 жылдың он айында 1 миллион мемлекеттік қызмет көрсетті

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі