13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Түркістан: І топтағы мүгедектердің күтім жасаушыларына жаңа жәрдемақы түрі енгізілді

25 ноября, 2021
in Жаңалықтар
0
Түркістан: І топтағы мүгедектердің күтім жасаушыларына жаңа жәрдемақы түрі енгізілді
Share on FacebookShare on Twitter

Төлем мүгедектік себебіне қарамастан бірінші топтағы барлық мүгедектерге күтімді жүзеге асыратын адамға тағайындалып, төленеді. Жәрдемақы мөлшері ең төменгі күнкөріс деңгейінің  1,40  есесін  яғни,  48 023 теңгені құрайды. Бұл туралы брифингте Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Түркістан облысы бойынша департаментінің зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру бөлімінің басшысы Хадиша Мақұлбаева мәлімдеді.

Жалпы өңірде бүгінгі таңда 647 063 әлеуметтік төлем алушы бар. Оның ішінде, I топтағы мүгедекке күтім жасайтын адам саны – 2 263, мүгедек балалар саны – 14 517. Ал, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша жәрдемақы алушылар саны – 18 360 адам.

«Отбасында екі және одан да көп бірінші топтағы мүгедек тұратын жағдайда, күтімді жүзеге асыратын адамға жәрдемақы олардың әрқайсысына төленеді. Ал бірінші топтағы мүгедекке күтімді бірнеше адам жүзеге асырған жағдайда, жәрдемақы азаматтардың біреуіне ғана тағайындалады. Сондай-ақ, бірінші топтағы мүгедек және күтімді жүзеге асыратын адам бір елді мекенде тұруы қажет. Күтім жасаушы қызметін рәсімдеу үшін «Азаматтарға  арналған үкімет үйіне» өтініш беріп, төлемі сол күннен бастап тағайындалады», — деді Хадиша Тілләбайқызы.

Сонымен қатар, бүгінде елімізде зейнетақы жүйесіне бірқатар өзгерістер енгізілген. Соның бірі – әйелдердің зейнет жасын ұлғайту. Департамент басшысы орынбасарының міндетін атқарушы Жанат Жамахованың айтуынша, бұл өзгерісті жүзеге асыру үшін 2018-2027 жылдар аралығында 10 жыл ішінде әйелдердің зейнеткерлік жасы кезең-кезеңімен 63 жасқа дейін жеткізілмек.

Биыл қазақстандық әйелдер 60 жаста зейнетке шығатын болса, 2022 жылдың 1-қаңтарынан бастап бұл көрсеткіш 60 жас 6 айға тең болады. Департамент мамандары 1961 жылдың екінші жартыжылдығында дүниеге келген әйелдерге ағымдағы жылдың соңына дейін зейнетақы тағайындау үшін өтініш беріп үлгеру керектігін еске салады. Тиісті құжаттар рәсімделмеген жағдайда зейнетке шығу құқығы тағы алты айға кейінге шегеріліп, 60 жас 6 айдан асқанда ғана мүмкіндік туады.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Previous Post

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Елдіктің жеті тұғыры» атты қағидаттар жиынтығы

Next Post

Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен «Nur Otan» партиясы Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі