13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Түркістан: «Жоғары спорт шеберлігі мектебі» қоржынында 26 медаль

18 ноября, 2021
in Жаңалықтар
0
Түркістан: «Жоғары спорт шеберлігі мектебі» қоржынында 26 медаль
Share on FacebookShare on Twitter

«Олимпиадалық емес және ұлттық спорт түрлері бойынша жоғары спорт шеберлігі мектебі» КММ-нің құрылғанына 5 айға жуықтаған. Түркістан облысының дене шынықтыру және  спорт басқармасына қарасты мекеменің  Халықаралық,  республикалық деңгейдегі жарыстардағы нәтижесі көңіл қуантарлық. Спорт мектебі сайыпқырандарының еншісінде  4 алтын,  13 күміс, 9 қола медаль. Мекеме директоры Самат Рысбековтің айтуынша, жыл соңына дейін өтетін додаларда  көрсеткіш саны еселене түсетіні анық.

Қоржынға алғашқы медальды самбо күресінен Перизат Жақыпбекова салды. Беларусь Президентінің жүлдесі сарапқа салынған Халықаралық турнирде самбошы қыз күміс жүлдеге қол жеткізді. Жеңісті жолды балуан Абдувақаб Әлиқожаев жалғады. Ол Татарстан Республикасы президенті кубогінің қола жүлдегері атанды.

«Жоғары спорт шеберлігі мектебі құрамына  — қазақ күресі, белбеу күресі, джиу-джитсу, жауынгерлік аралас бірлестігі (ММА), жекпе-жек, кикбоксинг, самбо және әскери самбо, ушу санда, муайтай, каратэ, панкратион, грэпплинг, таеквондо ITF, пенчак силат, әмбебап жекпе-жек, қоян-қолтық ұрысы, армрестлинг, гір көтеру, пауэрлифтинг спорт түрлері енген. Спорт мектебінде 300-ге жуық спортшы бар. Жауынгерлер үшін арнайы спорттық киім-кешекке тапсырыс бердік. Жуық арада үлестіріледі деп жоспарлануда»,-деді Самат Әкімбекұлы.

Қазіргі таңда Украинаның Харьков қаласында панкратионнан өтетін Әлем чемпионатына 3 спортшы қатысуда. Каратэ шотоканнан Ресей астанасы Мәсеуде желтоқсан айында өтетін Әлем кубогына 6 спортшы аттанбақ.

Нұртас КЕҢЕСБЕКОВ.

Түркістан қаласы.

Previous Post

IQ DODA» интеллектуалды ойыны өткізілді

Next Post

Тәуелсіздіктің арқасында Түркістан өңірінде аса маңызды жобалар жүзеге асырылды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі