13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Cаясат

Жауынгерлік борышты өтеу – жеңіспен бірдей!

16 ноября, 2021
in Cаясат
0
Жауынгерлік борышты өтеу – жеңіспен бірдей!
Share on FacebookShare on Twitter

Отан тірегі Қарулы Күштер екені бел­гілі. Оның дамуына, қалыптасуына тек әске­­ри­лер ғана емес, Ата Заңда атап көр­­се­­тіл­ген­дей, тәуелсіз елдің әрбір азаматы жауапты.Отанымыздың тәуелесіздігін қорғау, егемендіктің сенімді сақшысы болу «мен қазақпын, мен қазақстандықпын» деген әр азаматтың сана-сезімі мен адалдығына сын.Қазақстан РеспубликасыПрезиденттің   Жарлығы және Қазақстан Республикасының «Әскери қызмет және әскери қызметішлердің мәртебесі» туралы заңына сәйкес, әскерге жарамды 18-27 жас аралығындағы сотталмаған кез келген Қазақстан азаматы мерзімді әскери қызметті (12 ай мерзімге) өткеруге міндетті болып табылады.

Шымкент қаласы қорғаныс істері жөніндегі департаменті азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыру кезеңі қолданыстағы заңнамаға сәйкес қатаң түрде жүзеге асырылуда.

Қазіргі таңда азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруағымдағы жылдың  1 қыркүйектен — 31 желтоқсанға дейін жүргізіледі, жоспарлы жұмыс өз нәтижесін берері анық.Азаматтарды мерзімді қызметке шақыру жөніндегі барлық іс-шара санитарлық-эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып ұйымдастырылуда.
Шымкент қаласы қорғаныс істері жөніндегі департаменті2021 жылғыкүзгі әскерге шақыру жоспары бойынша 700 жуықжас азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыру,сапқа қою жоспармен атқарылуда.

Әскери қызметке шақыруға жасы 18-ден 27-ге дейінгі, денсаулық жағдайы бойынша жарамды, сотталғандығы және әскерге шақыруды кейінге қалдыруға немесе шақырудан босатылуға құқығы жоқ азаматтар жатады.

Сондай-ақ, қолданыстағы заңнамада мерзімді әскери қызметке шақырудан жалтарғаны үшін әскерге шақырылушылардың әкімшілік және қылмыстық жауапкершілігі көзделген.Атап айтқанда, ҚР «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 647-бабында шақырылушының шақыру бойынша белгіленген мерзімде дәлелді себепсіз келмегені үшін 5 айлық есептік көрсеткіш  мөлшерінде айыппұл көзделген.

Әкімшілік ескерту немесе медициналық куәландырудан немесе тексеруден өтуден жалтарғаны үшін 3 АЕК мөлшерінде айыппұл салу 648-бапты көздейді.

Сонымен қатар, заңды негіздер болмаған кезде әскери қызметке шақырудан жалтару ҚР Қылмыстық кодексінің 387-бабы 1-бөлігінің негізінде бір мың АЕК мөлшерінде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не бір жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

Сол баптың 2-бөлігіне сәйкес аталған әрекет:

1) өзіне денсаулыққа зиян келтіру арқылы;

2) ауруды симуляциялау арқылы;

3) құжаттарды жалған жасау немесе өзге де алдау арқылы болған жағдайда –үш мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша жоспарлы жұмыстар атқарылуда.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының 22-бабына сәйкес сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды өз құзыреті шегінде барлық мемлекеттік органдар, ұйымдар, квазимемлекеттік сектор субъектілері мен лауазымды адамдар жүргізуге міндетті.

Әскерге шақыру немесе мерзімді кейінге қалдыру бөлігінде барлық сұрақтар бойынша кеңес алу үшін Шымкент қаласы  қорғаныс істері жөніндегі департаментінде «жедел желі» жұмыс жасайды, онда жауапты лауазымды тұлғалар азаматтарды толғандыратын барлық сұрақтарды түсіндіреді және түсініктеме береді.

Шымкент қаласы ҚІД сенім телефоны:

Call-center 8 (7252)55-81-29, 54-95-88

Жергілікті тұрғындарға әлеуметтік желі бойынша (ddoshimkent) Инстаграмм аккаунты ашылған, ҚР Қарулы Күштері серверінде (ddoshimkent@mod.gov.kz) электронды жәшігіне қандай да бір қызмет көрсету бойынша сұрақтар болса жолдауға болады.

Бұл ашық формат, әскерге шақырылушылар, олардың ата-аналары, журналистер, жұртшылық өкілдері кез келген ақпарат алу үшін жүгіне алады және жауап ала алады.

Қызмет  этикасын сақтау – сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастырудың басымды жағдайын көңіл бөлу.

Мемлекеттiк қызмет атқару қоғам мен мемлекет тарапынан ерекше сенiм бiлдiру болып табылады және мемлекеттiк қызметшiлердiң моральдық-этикалық бейнесiне жоғары талаптар қойылады.Негізгі күш жеке құрамның сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін көтеруге бағытталған.

Әскери міндеттілер мен әскерге шақырушыларды хабарландыру үдерісін мобильдеу және автоматтандыру мақсатында, сынама жобасының шеңберінде ақысыз негізінде ҚР ҚМ ЖР АЖ интеграциялық шлюзі арқылы 1414 қызметі SMS-хабарландыру бойыншатиісті әскери міндеттілер мен әскерге шақырушыларды:

  • әскери қызметке немесе жиындарға шақыруға;
  • медициналық куәландыруға;
  • әскерге шақырушыларды зерделеу үшін жергілікті әскери басқару органдарына шақыру жүзеге асырылуда.

Азаматтар назарына!!!

Шымкент қаласының 18-27 жас аралығындағы азаматтары әскер қатарына арнайы шақыртуды күтпей-ақ өзіне қажетті құжаттарымен тұратын мекенжайлары бойынша қорғаныс істері жөніндегі департамент, басқармаларына өз еріктерімен келуіне болады,   өз Отанына қызмет жасауға жауапкершілікпен қарап белсенділік танытуға шақырамыз.

Отанды қорғау әрбір азаматтың асыл парызы екенін естен шығармайық.

Р.Мадьяров

Тәрбие, идеология және әскери-патриоттық жұмыстар басқарма бастығы-департамент бастығының орынбасары, подполковник  

 

Tags: 13kz13kz.kz13кзШымкентШымкент гарнизоныәскер
Previous Post

Шымкентте жаңадан ашылған мектеп оқушыларсыз бос тұр

Next Post

Түркістан: Үкіметтік емес ұйымдар ел мүддесіне жұмыс істеуі тиіс

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі