13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Түркістан облысында заңсыз балық аулаған 171 жағдай тіркелді

15 ноября, 2021
in Жаңалықтар
0
Түркістан облысында заңсыз балық аулаған 171 жағдай тіркелді
Share on FacebookShare on Twitter

Арал-Сырдария облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясының Түркістан облысы бойынша балық инспекциясы бөлімімен жыл басынан заңсыз балық аулау фактісімен 171 оқиға анықталып, 159 әкімшілік  хаттама толтырылған. Бұл туралы инспекциясы басшысының орынбасары Мейіржан Өмірәлиев брифингте мәлімдеді.

«Табиғат заңдылығын бұзудың алдын алу және анықтау мақсатында 78 рейд, оның ішінде құзырлы органдарымен бірлескен іс-шараларға сәйкес 34 рейд ұйымдастырылды. 2021 жылдың басынан Түркістан облысы бойынша балық инспекциясы бөлімімен 171  оқиға анықталып,  159 әкімшілік  хаттама толтырылған. Оның ішінде 2 іс сот органдарымен қаралып кінәлі тұлғалар әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Ал 12  іс бойынша қылмыстық іс құқық қорғау органдарына жолданып, 6 қылмыстық іс бойынша кінәлі тұлғалар қылмыстық жауапкершілікке тартылды»,- деді ол.

Брифингке қатысқан ҚР ІІМ Түркістан облысы жергілікті полиция қызметі басқармасының инспекторы Нұрлан Тұмабаевтың айтуынша, жедел-профилактикалық іс-шаралары 11 қазаннан мен 11 қараша аралығында Түркістан және Қызылорда облыстарының аумағында өткізілген. Рейд барысында 36 балық қорғау заңнамасын бұзушылық фактілері анықталып, 35 тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

Түркістан облысы бойынша балық инспекциясы бөлімінің  мамандарымен, Түркістан облысының полиция департаментінің қызметкерлерімен 2021 жылғы 27 қазанда Шардара, Түркістан, Шымкент қалаларының сауда орындарында синтетикалық нейлондық және полиамидті-синтетикалық моножіптен жасалған ау торларларды саудалауға қарсы үгіт-насихат жұмыстары ұйымдастырылған.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Previous Post

Түркістан облысында заң талабын сақтамай салынған 140-ға жуық нысанға айыппұл салынды

Next Post

Қазақстанда оқушыларға арналған Президенттік олимпиада басталды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі