Тассайдағы №190 кварталдың тұрғындары жауапты басшылардың сөзіне тағы да алданып қалды. Қаратау ауданының әкімдігі қараша айының басында көшеге тас төсеп тегістеп береміз деп уәдені үйіп төккен болатын.
Екі аптада төсейміз Алла қала. Бір апта демеймін.10 күн екі апта.
Он жыл күттік он күн күтеміз. Ол кезде современный болып аяқ киім киіп шығатын шығармыз.
Әкімнің орынбасары Азамат Парманов келер жылы асфальтта салынады деп халықты қуантқан еді.
Азамат ПАРМАНОВ
Қаратау ауданы әкімінің орынбасары
Жарықтандыру барлығы көше асфальталатын кезде соған қосылады. Көшде тротуар болады, иригациясы болады, жарығы болады. Наурыз айында конкурс ойнатылатын болса, мамыр, маусымда басталатын болады.
Бірақ білдей шенеуніктің бұл сөзімен Шымкент қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының жауапты мамандары келіскен жоқ.
Фарида ҚҰРБАНОВА
Шымкент қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының бас маманы
Келесі жылы асфальт төселеді деп айта алмаймыз. Сметасын бірінші әзірлейміз, одан кейін қаржысын бөлуге ұсыныс береміз. Тассайда келесі жылы бұл көше жоқ.
Жауаптылар 12 күннің ішінде тастың төселетінін айтып халықты сендіріп кеткен. Бірақ бұндай құрғақ уәделерге үйреніп қалған халық, 10 жылдан бері атқарылмаған жұмыстың 10 күннің ішінде жасалатынына таң қалған еді.
Уәде бергіштер сөзден іске көшкенде ғана көше тұрғындары жазда шаң топырақтан, ал жауын-шашын күндері лай-батпақтан құтылатын болады. Ол уақытқа дейін Тассай тұрғын үй алабы №190 кварталдың тұрғындары шенеуніктердің құрғақ уәдесіне сене тұрады, басқа амал жоқ.
Нұржан СЕЙДАХМЕТ
қала тұрғыны
Көктемге дейін аяқкіим шақ келмейді. Ең қымбат аяқ киім балдардыңкі. Жедел жәрдем келе алмайды бұл жаққа. Затта алып келе алмайсың. Лай болып жатады. Су болып жатады. Водопровод жұлынады да жатады.
Жадыра Алимова
қала тұрғыны
Әкімді мүлдем көрмейміз. Халықтың жағдайын сұрамайды. Бірінші көше жасалды, екінші көшенің бас жағын істеп кетті. Біз жақ қалып кетті. Әкімшіліктің жанында тұрып жолда жоқ, жарық та жоқ, не интернет жоқ. Бұл көз бояушылық.