13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Әлеуметтік қызметтің қолжетімді болуы партия назарында

11 ноября, 2021
in Жаңалықтар
0
Әлеуметтік қызметтің қолжетімді болуы партия назарында
Share on FacebookShare on Twitter

«Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалы жанындағы Жұмыспен қамтуды және халықтың әлеуметтік осал топтарын қолдау жөніндегі аймақтық қоғамдық кеңестің отырысы өтті.

Жиынды партия төрағасының орынбасары Мұратәлі Қалмұратов жүргізді.  Қалалық Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының басшысы Б. Нарбекова, қалалық Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының орынбасары М. Қоқанбаев және кеңес мүшелері қатысқан отырыста «Nur Otan» партиясының «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» атты сайлауалды бағдарламасын іске асыру мақсатында дайындалған Жол картасындағы көрсеткіштердің 10-айда орындалуы бойынша кеңес төрағасының атқарған жұмыстары тыңдалды.

Күн тәртібіндегі мәселе бойынша аталған кеңестің төрағасы Бауыржан Қуанышбеков баяндама жасады. Оның сөзінше Жол картасында әлеуметтік қызмет көрсету саласына қатысты 14 іс-шара көрсетілген. Ағымдағы жылдың 10 айының қорытындысы бойынша оның 11-і орындалса, қалған 3 іс-шара бойынша жұмыстар атқарылуда.

Орындалған іс-шаралардың қатарында 4255 мүмкіндігі шектеулі азаматтарға қызмет көрсететін «Тең қоғам» оңалту орталығының ашылуы, көпбалалы және жас отбасыларға арналған «Шаңырақ» психологиялық, құқықтық, кәсіптік кеңес беру орталығының іске қосылуы, аялдамаларды мүмкіндігі шектеулі азаматтарға ыңғайлы етіп жабдықтау шаралары бар.

Ал 600 жобаға 200 АЕК көлемінде гранттар ұсыну, 150 орындық «Оңалту орталығын» салу және пайдалануға беру бойынша ЖСҚ әзірлеу және 259 нысандағы пандустардың тиісті талаптарға сай болуын қамтамасыз ету бағытындағы шаралар жыл соңына дейін толық орындалатын болады.

Шымкент қалалық филиалы жанындағы Жұмыспен қамтуды және халықтың әлеуметтік осал топтарын қолдау жөніндегі аймақтық қоғамдық кеңес төрағасы Б.Қуанышбеков өз сөзінде әлеуметтік қызметтің қарапайым халыққа барынша қолжетімді болуы партия назарында екенін айтты.

Tags: 13kz13kz.kz13кзШымкент“Nur Otan” партиясы
Previous Post

Қазақстан, Өзбекстан және Тәжікстанның Кәсіподақтар федерациялары Орталық Азия елдерінің кәсіподақтары кеңесін құрды

Next Post

Antikor. News: Шымкент қаласы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметімен 77 қылмыс тіркелген

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі