13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Шымкенттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі бизнесті сүйемелдеуде

4 ноября, 2021
in Жаңалықтар
0
Шымкенттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі бизнесті сүйемелдеуде
Share on FacebookShare on Twitter

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментімен «Бизнес пен инвесторларды қорғау» жобасы жүзеге асырылуда.

Аталған жоба аясында бүгін Аntikor ortalyǵyнда инвесторлармен кездесу ұйымдастырылды.

Іс-шарада инвесторлар үшін қолайлы жағдай жасау, аталған саладағы өзекті мәселелер мен оларды шешу жолдары талқыланды. Сонымен қатар, кәсіпкерлердің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мәселелері сөз болды.

Бизнес өкілдері қатысқан жиында Департамент басшысының бірінші орынбасары Талғар Серікбаев бизнеске қолайлы жағдай жасау және оның дамуы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарының бірі болып табылатындығын атап өтті. Оның айтуынша инвесторлардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы сүйемелдеуге алынуының басты шарты мемлекетіміздің аумағында адал және заңды бизнес жүргізу болып табылады.

Қазіргі уақытта «Бизнес пен инвесторларды қорғау» жобасы аясында Департаментпен 100 млрд. теңгеге жуық 55 жоба сүйемелдеуге алынған.

Іс-шара барысында Департамент басшысының бірінші орынбасары Т.Серікбаев «Southern Paper Company» және «Ultra Technology» компаниялары басшылығымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы сүйемелдеу бойынша келісімдерге қол қойды.

Айта кетейік, соңғы екі жылдың ішінде бизнесті қорғау шеңберінде Департаментпен 30-ға жуық қылмыс тіркеліп, 30-дан астам кәсіпкердің құқықтары қорғалған.  Олардың қызметіне заңсыз араласқаны үшін 14 лауазымды тұлға қылмыстық жауапкершілікке тартылған.

Previous Post

Шымкент қаласы мәслихатының хатшысы жеке қабылдау өткізді

Next Post

Парасат жолы: «Жақұт сөзбен өрілген жауһар жырлар»

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі