13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Парасат жолы: Жас оқырмандар арасында жемқорлыққа қарсы эссе байқауы өтті

1 ноября, 2021
in Жаңалықтар
0
Парасат жолы: Жас оқырмандар арасында жемқорлыққа қарсы эссе байқауы өтті
Share on FacebookShare on Twitter

Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің бастамасымен қаладағы кітапханаларда «Парасат жолы» орталықтары ашылып, түрақты түрде шаралар ұйымдастырылуда.

2021 жылдың 25-29 қазан аралығында қалалық жасөспірімдер кітапханасының «Парасат жолы» орталығында «Жемқорлық қоғамның өзекті дерті» атты эссе байқауының жеңімпаздары  анықталып, марапатталды.

Байқау қорытындысы бойынша ІІІ-орынды №41 А. Макаренко атындағы мектеп-лицейінің оқушысы Сман Балауса, ІІ-орынды №41 А. Макаренко атындағы мектеп-лицейінің оқушысы Мұстафа Аянат еншіледі. Ал І-орынды М.Х. Дулати атындағы үш тілде оқытатын №8 мамандандырылған гимназияның оқушысы Жамиғат Ұлмира иеленді. Шара барысында жеңімпаздар арнайы грамотамен марапатталды.

Сондай-ақ, Шымкент қаласының орталықтандырылған көпшілік кітапханалар жүйесіне қарасты 8 кітапхана бөлімшесінде «Парасат жолы» жобасы аясында «Жемқорлықпен күрес — ортақ парыз» тақырыбында ашық әңгіме сағаты өтті.

Шара барысында жас оқырмандарға адам бойындағы ізгі қасиеттердің бірі парасаттылықты қалыптастырудағы көркем әдебиеттің берері мол екендігі айтылып, жемқорлықпен күрестегі жастардың рөлі талқыланды.

Айта кетейік, мәдениет, әдебиет және руханиятты негізге ала отырып, келелі әңгімелер арқылы қоғамда парасаттылық идеологиясын қалыптастыруға бағытталған «Парасат жолы» орталықтарында кездесулер, ән кештері, дөңгелек үстелдер және тағы да басқа түрлі форматтағы шаралар ұйымдастырылуда.

Previous Post

Түркістандық спортшылар әлем чемпионатында жүлделі орынды иеленді

Next Post

Қазақстандық базарлардан 3,8 тоннадан астам қауіпті өнім алынды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі