13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Түркістан мен Жамбыл облыстарын жалғайтын жол пайдалануға берілді

15 октября, 2021
in Жаңалықтар
0
Түркістан мен Жамбыл облыстарын жалғайтын жол пайдалануға берілді
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістан облысының Созақ ауданы мен Жамбыл облысының Сарысу ауданын жалғап жатқан жолдың тозығы жеткен болатын. Аталған жолға орташа жөндеу жұмыстары жүргізіліп толық пайдалануға берілді. Түркістан облысы аумағындағы 24 шақырым жол 2020 жылдың тамыз айында басталып, биыл аяқталып отыр. Жаңа жолдың ашылу салтанатына екі облыстың сала басшылары мен ақсақалдары арнайы қатысып, қуаныштарымен бөлісті.

Автомобиль жолының тапсырыс берушісі – Түркістан жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы. Мердігер мекеме — «Шымкентдорстрой» ӨК». Техникалық қадағалаушы мекеме — «Оңтүстік жолдары» МКК.

Сондай-ақ, қазіргі таңда Кентау қаласы мен Түркістан халықаралық әуежайын жалғайтын жаңа жолдың құрылысы жүріп жатыр. 2020 жылдың желтоқсан айында басталған жөндеу жұмыстары 2022 жылға өтпелі. Мердігер мекеме — «Корпорация «Береке А» ЖШС. Жолдың жалпы ұзындығы — 26,6 шақырым болса, ені – 9 метр. Жобаның жалпы құны – 8 млрд 58 млн теңге.

Түркістан облысында жол жөндеу жұмыстары қарқынды. Соның бірі «Кентау қаласындағы облыстық маңызы бар КХ-56 «Жамбыл облысы шекарасы-Құмкент-Шолаққорған-Ащысай-Р-31» автомобиль жолының 76-91 шақырымына орташа жөндеу жұмыстарының жүруі. Жолды жөндеу жұмыстары 2021 жылдың қыркүйек айында басталған. 2022 жылы пайдалануға берілмек. Жалпы ұзындығы – 15 шақырым, ені – 6 метр.

Сонымен қатар, Бәйдібек ауданындағы облыстық маңызы бар КХ-7 «Екпінді-Шалдар-Сарқырама-Кеңес-Бірлік» автомобиль жолына орташа жөндеу жұмыстары жүруде. Жөндеу жұмыстары 2021 жылдың тамыз айында басталып, 2022 жылы аяқталмақ. Тапсырыс беруші — Түркістан жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы. Мердігер мекеме — «СТ-Сервис» ЖШС. Жөндеуден өтіп жатқан жолдың ұзындығы – 36 шақырым, ені – 6 метр.

Айта кетерлігі, Түркістан облысы құрылғалы 3 жылда өңірде 5 мың шақырымға жуық жол пайдалануға берілген.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

 

Previous Post

Шымкент : Аялдамалардың мүмкіндігі шектеулі жандар үшін бейімділігі бақыланды

Next Post

Түркістан облысында рекордтық 10 мың тонна уран өндірілді

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі