13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Түркістанда үкіметтік емес ұйымдардың орталығы ашылды

15 октября, 2021
in Жаңалықтар
0
Түркістанда үкіметтік емес ұйымдардың орталығы ашылды
Share on FacebookShare on Twitter

Бүгін Түркістан облысының қоғамдық даму басқармасының қолдауымен облыс әкімдігінің  басқармалар үйінде «Үкіметтік емес ұйымдардың (ҮЕҰ) азаматтық орталығы» ашылды. Аталмыш шараға қоғамдық даму басқармасының  басшысы Аңсар Өсербаев, «Түркістан облысының Азаматтық Альянсы» ЗТҚ төрағасы Шәріпбек Жамалбекұлы, облыстық мәслихат депутаты Инара Намазбаева, аудан, қалалардағы үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысты.

Ашылу рәсімінде  сөз алған қоғамдық даму басқармасының басшысы Аңсар Өсербаев шараның маңыздылығына тоқталып,үкіметтік емес ұйымдардың негізі мақсат-міндеттерін тілге тиек етті.  «Үкіметтік емес ұйымдар — негізгі азаматтық қоғам институттары болып табылады. Конституцияның кіріспесінде ел мақсатының бірі — азаматтық қоғам құру екендігі айқын көрсетілген. Ал азаматтық қоғамға барар негізгі жол қоғамдық институттарды дамыту арқылы жүзеге асады»,- деді Аңсар Өсербаев.

ҚР Үкіметінің 2020 жылғы29 желтоқсандағы №917 «Қазақстан Республикасында азаматтық қоғамды дамытудың тұжырымдамасын іске асыру бойынша іс-шаралар жоспары(бірінші кезең:2020-2025 жылдар)» қаулысында үкіметтік емес ұйымдарды қолдау бойынша іс-шаралар жоспары нақтыланған. Алдағы кезеңдерде жергілікті атқарушы билік пен азаматтық қоғам институттарының ынтымағын ары қарай нығайту, бірлескен жұмыстарды күшейту, үкіметтік емес ұйымдардың белсенділігін арттыру  бағытындағы жұмыстар, жоғары деңгейде жүргізіле береді.

Жиында сөз алған «Түркістан облысының Азаматтық Альянсы» ЗТҚ төрағасы Шәріпбек Жамалбекұлы, облыстық мәслихаттың депутаты Инара Намазбаева облыс көлемінде тіркелген ҮЕҰ атқарып жатқан жұмыстары, тыныс-тіршіліктері туралы ойларымен бөлісті.

Орталықтықтың ашылу рәсімі аяқталған соң, «Оңтүстік жастары» қоғамдық қорының жоба үйлестірушісі Абай Андабаевтың жетекшілігімен «ҮЕҰ дерекқорына, ұйымның қызметі жайлы ақпарат енгізу» тақырыбында семинар өтті. «Қызылорда жастары» ЗТҚ төрағасы Ардақ Аукенов, семинарға қатысушыларға дерекқорға мәлімет тапсыру тәртібі туралы ақпараттарды жеткізді. Семинарға қатысушылар өз ойларын ортаға салып, осы бағыттағы толғандырған сұрақтарға жауаптарын алды.

Previous Post

Мақтааралда Қосман Айтмұхаметовтің ескерткіш-бюсті ашылды

Next Post

Шымкент : Аялдамалардың мүмкіндігі шектеулі жандар үшін бейімділігі бақыланды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі