13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Шымкенттіктер ХҚО немесе eGov порталы арқылы әлеуметтік төлемдерге жүгіне алады

15 октября, 2021
in Жаңалықтар
0
Шымкенттіктер ХҚО немесе eGov порталы арқылы әлеуметтік төлемдерге жүгіне алады
Share on FacebookShare on Twitter

Арнаулы мемлекеттік жәрдемақыға кім өтініш бере алатыны туралы «Азаматтарға арналған үкімет» Шымкент қалалық филиалының  өкілдері атап өтті. Мұны екі жолмен жасауға болады: eGov порталы арқылы немесе ХҚО-ға жүгіну арқылы.

Мемлекеттен төлемдерге өтінішті 20-ға жуық арнайы санатқа жататын азаматтар жәрдемақы алуға өтініш бере алады. Бүгінде бұл жәрдемақыны төмендегі санаттағы азаматтар алуда:

— ҰОС ардагерлері және оларға теңестірілген азаматтар;

— қайтыс болған ҰОС мүгедектерінің жесірлері;

-ауғанстандағы немесе соғыс қимылдары жүргiзiлген басқа мемлекеттердегі соғыс қимылдары кезiнде қаза тапқан әскерилердің отбасылары;

— қоршауда қалған Ленинград тұрғындары;

— кәмелетке толмаған бұрынғы концлагерь тұтқындары;

— Чернобыль АЭС-дағы және басқа да апаттың зардаптарын жоюға

қатысушылардың отбасылары және басқалары.

Жәрдемақыны ХҚО немесе eGov.kz электрондық үкімет порталы арқылы алуға өтініш беру үшін төмендегі құжаттарды ұсыну қажет:

* белгіленген үлгі бойынша өтініш;

* жеке басын куәландыратын құжат;

* банк шоты бойынша мәліметтер;

* жәрдемақыны алу құқығын растайтын құжат.

Естеріңізге сала кетейік, ерекше қажеттіліктері бар азаматтарға жәрдемақы алу үшін ХҚО-ға барудың қажеті жоқ. Мұндай жағдайларда ХҚО қызметкерін үйге шақыру қызметі бар. Ол үшін Бірыңғай байланыс орталығының 1414 нөміріне қоңырау шалып, сұраныс қалдыру қажет. ХҚО қызметкері өтініш берушімен байланысады және клиентке бару үшін қолайлы уақытын келіседі.

Previous Post

Ж.Түймебаевтың үстінен профессорлар мен мұғалімдер шағым түсірді

Next Post

Қазақстандық ғалымдар терең жаралар мен күйіктерді емдеуге арналған инновациялық құралдар әзірледі

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі