13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Шымкентте жеңілдетілген пайыздық несиелік бағдарламаға берілетін лимит көлемі ұлғайған

14 октября, 2021
in Жаңалықтар
0
Шымкентте жеңілдетілген пайыздық несиелік бағдарламаға берілетін лимит көлемі ұлғайған
Share on FacebookShare on Twitter

Биыл Шымкент қаласы бойынша «Бақытты отбасы» бағдарламасына бастапқы бөлінген лимит көрсеткіші 373 болған еді. Азаматтарды тұрғын үймен қамту мәселесін оңтайлы шешу мақсатында аталған лимит көлемі қазіргі таңда 589-ға ұлғайған.

Оның ішінде көпбалалы отбасылар саны – 255, мүгедек бала асыраушы отбасылар – 285, толық емес отбасылар – 49.

Шымкент  қаласында «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында «Бақытты отбасы» бағыты арқылы несиелік негізде жоғарыда бөлінген 589 лимитке сәйкес, бүгінде 127 азамат баспаналы болды. «Бақытты отбасы» бағытының  шарттары мен талаптарына сәйкес  азаматтар  пәтерді жаңа және екінші нарықтан өздері іздеп тапқан. Бұдан бөлек, бүгінде аталған бағыт бойынша конкурстан өткен 400-ден аса қатысушы өздерінің төлем қабілеттіліктеріне сәйкес тұрғын үй іздеу үстінде.

«Бақытты отбасы» бағытының негізгі қатысушылары – тұрғын үй кезегіндегі «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен марапатталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, сондай-ақ І және ІІ дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен марапатталған көп балалы аналар, толық емес отбасылар, мүгедек бала тәрбиелеп отырған отбасылар.

Айта кету керек,  бағдарлама еліміздегі аз қамтылған отбасылардың жылдық 2 %-дық  мөлшерлемемен тұрғын үй алуға мүмкіндік беруде.

Шымкент қаласы бойынша 2021 жылға бөлінген лимиттің аяқталуына байланысты азаматтар «Бақытты отбасы» бағдарламасына келер жылы «Отбасы банк» арқылы қатыса алады.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Previous Post

Қазақстан мен Беларусь құрылыс саласындағы ынтымақтастықты дамытуда

Next Post

Қазақстан бидай мен ұнды ауған нарығына қайта шығара бастады

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі