13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Ливанда қазақстандық бітімгерлердің кезекті ротациясы өтті

14 октября, 2021
in Жаңалықтар
0
Ливанда қазақстандық бітімгерлердің кезекті ротациясы өтті
Share on FacebookShare on Twitter

Бесінші қазақстандық бітімгершілік контингенті «БҰҰ-ның Ливандағы уақытша күштері» миссиясына қатысуын аяқтады. Олардың орнына Қазақстан бітімгерлерінің алтыншы құрамы аттанды.

Жарты жыл бойы қазақстандық бітімгершілік контингенті  жергілікті жерді патрульдеу, блок-бекеттерде қызмет атқару, базаны күзету міндеттерін орындады, сондай-ақ штабтағы миссияның шараларына қатысты.

Бітімгерлер майор Данияр Зәріповтың басшылығымен жүктелген міндеттерді лайықты деңгейде орындап шықты.

– Әскери қызметшілер өздеріне жүктелген жоғары жауапкершілікті толық сезіне білді, өйткені олар Қазақстанның Қарулы Күштерін ғана емес, сондай-ақ бүкіл елді БҰҰ қолдауымен әлемдік қоғамдастық алдында таныстырды. Жасақтың моральдық-психологиялық жай-күйі жоғары деңгейде, – деді командир.

Бітімгерлердің айтуынша, елді мекендер мен оларға іргелес аумақтарды күнделікті патрульдеу жауапкершілік аймағында жағдайдың қалыпты екенін көрсетеді.

Қазақстандық әскери қызметшілер Үнді бітімгершілік батальонының құрамында қызмет атқарады. Біздің әскери қызметшілердің кәсібилігін миссия қолбасшылығы, сондай-ақ бірлесіп патрульдеу жүргізетін Ливан Республикасы Қарулы Күштерінің өкілдері бірнеше рет атап өтті.

 

Previous Post

Қазығұрт ауданында бес елді мекенге газ берілді

Next Post

Қазақстан мен Беларусь құрылыс саласындағы ынтымақтастықты дамытуда

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі