13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Әскерилер мен жас сарбаздар Қазығұрт тауының шыңына ту тікті

11 октября, 2021
in Жаңалықтар
0
Әскерилер мен жас сарбаздар Қазығұрт тауының шыңына ту тікті
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкент гарнизонындағы әуе шабуылына қарсы қорғаныс бригадасының әскери қызметшілері мен В. Терещкова атындағы №31 жалпы орта мектебінің «Жас зымыраншы» әскери-патриоттық сыныбының оқушылары Тәуелсіздіктің 30 жылдығы қарсаңында Қазығұрт шыңын бағындыру үшін біркүндік саяхатқа шықты.

Шараның басты мақсаты – өскелең ұрпақты патриотты, рухты етіп тәрбиелеу және салауатты өмір салтын насихаттау болып табылады.

Таулы өлкеге саяхатты асыға және қызығушылықпен күткен оқушылар шың басына 2 сағат уақыт көлемінде жаяу жүріп, биіктігі 1768 метрді құрайтын Қазығұрт шыңына шығып, Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығы құрметіне еліміздің көк туын тікті.

Таулы аймақта оқыс жағдайлардың алдын алу мақсатында медицина қызметкерлері жұмылдырылып, арнайы нұсқаушы әскери қызметкерлер бағыт-бағдар көрсетіп жүрді. Сондай-ақ, тау етегінде оқушыларға арналған шатырлар құрылды.

–Мен үшін бүгінгі күн өте әсерлі және ерекше болды. Тау шыңына шығып, табиғатымыздың сұлулығына тамсана қарадым. Қазығұрт тауының тарихымен, аңыз әңгімелерімен таныс болдық. Бізге осындай керемет көңіл-күй сыйлаған әскери ағаларымызға алғысымыз шексіз, – дейді Азиз Сарыбек.

Айта кетсек, Қазығұрт тауы – Түркістан облысы Қазығұрт ауданының орталығынан 20 шақырым жерде орналасқан тау шыңы. Аңыз бойынша, Нұх пайғамбардың кемесі осы таудың басында тоқтаған. Осы сияқты аңыздар қазақ халқынан басқа көптеген ежелгі халықтардың мифологиясында кездеседі.

2 сыныпты сержант Мақсат ЖАҚСЫБЕК

Шымкент гарнизонының баспасөз қызметі

Tags: 13kz13kz.kz13кзШымкентШымкент гарнизоны
Previous Post

Айбын 2021 – Шымкенттің жастары онлайн жарысқа қатысуда

Next Post

Түркістан облысының жастары «Айбын-2021» әскери патриоттық жиынына қатысуда

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі