13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Отбасылық және гендерлік саясат тұжырымдамасын жаңарту жөніндегі отырысы өтті

8 октября, 2021
in Жаңалықтар
0
Отбасылық және гендерлік саясат тұжырымдамасын жаңарту жөніндегі отырысы өтті
Share on FacebookShare on Twitter

2021 жылғы 8 қазан күні Нұр-Сұлтан қаласында Қазақстандағы 2030 жылға дейінгі отбасылық және гендерлік саясат тұжырымдамасын жаңарту жөніндегі жұмыс тобының бірінші отырысы өтті.
Шара Мемлекет басшысының 2021 жылғы 1 қыркүйектегі «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру аясында болды.
Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Асқар Умаров Жұмыс тобының мүшелерін Тұжырымдаманы жаңарту бойынша жұмыстың маңызды бағыттарымен таныстырды.
«Тұжырымдама Мемлекет басшысының әйелдердің қоғамдағы экономикалық және саяси ұстанымдарын қолдауды қамтамасыз ету бойынша тапсырмасы, Жалпыұлттық басымдықтар, Мемлекеттік жоспарлаудың жаңа жүйесі, сондай-ақ отбасының өмір сүру сапасын арттыру, ана мен баланы қорғау жөніндегі жаһандық трендтер мен тенденциялар ескеріле отырып, жаңартылатын болады» — деді Асқар Умаров.
Отырыс барсында Жұмыс тобының мүшелері Қазақстан Республикасындағы отбасылық және гендерлік саясаттың алдағы даму мәселелерін талқылады және Қазақстан Республикасындағы отбасылық және гендерлік саясат тұжырымдамасын жаңартуда ескерілетін бірқатар конструктивті ұсыныстарды енгізді.
«Халық үніне құлақ асатын мемлекет» принципін жүзеге асыру мақсатында Жұмыс тобының қызметі ашық, транспарентті түрде болатындығын, БАҚ және әлеуметтік желілерде жарияланатындығын атап өткен жөн.
Жұмыс тобының отырысына ҚР Парламент депутаттары, ҚР Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның мүшелері, ғылыми-академиялық саланың, үкіметтік емес, халықаралық ұйымдардың және мүдделі мемлекеттік органдардың өкілдері және сарапшылар қатысты.

Previous Post

Дін өкілдері үстел теннисінен сайысты

Next Post

Шымкент : Гарнизонда нұсқаулық-әдістемелік сабақ өтті

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі