13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Шымкентте физика-математика бағытындағы лицей  ашылды

8 октября, 2021
in Жаңалықтар
0
Шымкентте физика-математика бағытындағы лицей  ашылды
Share on FacebookShare on Twitter

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында «Асар» шағынауданында физика-математика бағытында тереңдетіп білім беретін «Intellect»  лицейінің салтанатты ашылу рәсімі өтті. Оған Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан, қалалық білім басқармасының басшысы Жанат Тәжиева және Біріккен Араб Әмірліктерінің «Ummet» қоғамдық қорының өкілі Салих Али Абдрахман Бухалид қатысты.

—Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында Шымкент қаласында 70 мектеп болса, бүгінде білім ұяларының саны 200-ге жуықтады. Онда 250 мыңға тарта оқушы білім алуда. Соңғы жылдары білім саласына инвесторлар тартылып, жан басына қаржыландыру жүйесі бойынша жұмыс істейтін жекеменшік мектептер көптеп салынуда. Бүгін сондай білім ұяларының тағы біреуі — «Intellect» физика-математика лицейінің ашылуына келіп отырмыз. Осының барлығы жас ұрпақтың білімді болуына мемлекеттің айрықша назар аударып отырғанын көрсетеді, — деді Шыңғыс Жұмабекұлы.

Жиын барысында «Ummet» қорының өкілдері оқушыларға мектеп формаларын сыйға тартты.

Айта кетейік, заманауи үлгіде бой көтерген мектепте оқушыларға физика-математика бағытында тереңдетілген білім беріледі. Сондай- ақ, білім алушыларға  жалпы пәндер бойынша қосымша сабақтар жүргізіліп, шахмат, домбыра, тігін үйірмелері де жұмыс істейді. Жалпы, лицей 600 оқушыға арналған. Әзірге мұнда 275 оқушы білім алуда.

Previous Post

Жыл басынан бері 33 мыңнан астам науқас коронавирустан емделіп шықты

Next Post

Дін өкілдері үстел теннисінен сайысты

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі