13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Түркістан өрендері 9 айда ұлттық спорт түрлерінен 166 медаль жеңіп алды

5 октября, 2021
in Жаңалықтар
0
Түркістан өрендері 9 айда ұлттық спорт түрлерінен 166 медаль жеңіп алды
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістан облысындағы тарихи ескерткіштерге қамқорлық керек. «Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалы жанындағы «Miras» қоғамдық кеңесі отырысында мамандар осылай дабыл қақты. Жиынға «Miras» қоғамдық кеңесінің төрағасы, жазушы Мархабат Байғұт төрағалық жасап, жүргізіп отырды.

Күн тәртібіндегі алғашқы мәселе бойынша «Ұлттық мұра» партиялық жобасы аясында Түркістан облысының киелі, қасиетті орындарына жасалған «Түркістан ғажайыптары» экспедициясы түйінделді.  Партия филиалының қолдауымен өткен экспедиция 23-маусымда басталып, 15 шілдеде аяқталды.  Арнайы топ пен өлкетанушылар 10 экспедициялық сапарға шығып, 85 нысанды көріп, жай-күйін зерделеген. Бұл туралы Түркістан облыстық мәдениет басқармасының тархи-мәдени мұраны қорғау, қалпына келтіру және пайдалану жөніндегі орталықтың директоры Жандос Құрбанның есебі тыңдалды. Оның айтуынша, аудан, қалаларда тарихи ескерткіштер мен орындарды қорғау бағытындағы жұмыстарды күшейту керек.

«Түркістан облысындағы Шәммат ишан мешіт-медіресесі, Ұзын ата кесенесі, Ысқақ ата кесенесі, Мансұр ата кесенесі секілді сәулет ескерткіштері реставрациялық жұмыстарды қажет етіп тұр. Егер қолдау көрсетілмесе, құнды мұраларымыздан көз жазып қалуымыз мүмкін.  Сонымен бірге Келес ауданындағы Алқакөл көліне баратын 10 шақырым жолға асфальт төсеу және «Алқакөл сұлама» қырғынының 300 жылдығына арнап мемориалды кешен орнатып, насихаттаған жөн. Созақ ауданындағы Қошқар ата, Мұхаммед Ханафия, Балықшы ата, Хақназар хан кесенелеріне, Қазығұрт ауданындағы Ысқақ ата, Шілтен ата кесенелеріне, Төлеби ауданындағы Мансұр ата кесенесіне, Жылақ ата бұлағына, Сайрам ауданындағы Ер Бекіш ата кесенесіне, Түлкібас ауданындағы Қараүңгір тұрағы, Дәу баба кесенесіне баратын жолдарды реттеп, мүмкіндігі болса асфальт жабын төсеу керек», – деген Жандос Құрбан өзге де ұсыныстарын жеткізді. Атап айтсақ, облыс аумағындағы барлық тарихи-мәдени, киелі және қасиетті жерлерге баратын жол бойларындағы сілтеуіш белгілерді жаңарту, жоқ болса қою, барлық тарихи орындардың мемлекет қорғауында екенін көрсететін тақтайшаларды жаңартуға облыстық бюджеттен қаржы қарау қажет. Сондай-ақ шырақшылардың біліктігін арттыру, ауыл әкімдерінің тарихи-мәдени ескерткіштерді қорғау бойынша біліктілігін арттыру үшін тұрақты түрде семинарлар өткізу де маңызды.

Жиында өңірде ұлттық спорт түрлерін дамыту бағытындағы жұмыстар да сараланды. Бұл жөнінде «Тарихын тану – тағылымды іс» тақырыбында облыстық денешынықтыру және спорт басқармасының басшысының орынбасар Айтмахаметәлі Бердашевтың баяндамасы тыңдалды. Оның айтуынша, Түркістан облысында асық ату, қазақ күресі, көкпар, теңге ілу, тоғызқұмалақ, аударыспақ, бәйге, жамбы ату, саят, жекпе-жек, жалпы ұлттық спорттың 10 түрі дамып келеді. Ұлттық спорт түрімен жалпы шұғылданушылар саны 84 мыңнан асады. Олар облыстағы 1826 үйірмеге қатысады.  Облыс спортшылары 2021 жылдың 9 айында  ұлттық спорт түрлерінен халықаралық, республикалық және облыстық жарыстарға қатысып,  76 алтын, 65 күміс, 25 қола медальды жеңіп алған.

Қоғамдық кеңес отырысында Түркістан облыстық туризм басқармасы, туристік жобаларды жоспарлау және жүзеге асыру бөлімінің басшысы Нұрдәулет Медеуов осы саладағы жұмыстарды баяндады. Ол Түркістан өңірінде туризм саласы дамып, ақпараттық-насихаттық жұмыс күшейгенін мәлімдеді. Дегенмен қоғамдық кеңес мүшелері туризм саласындағы жұмыстарды әлі де ширату керектігін жеткізіп, бірқатар ұсыныстарын ортаға салды. Сонымен бірге облыстағы тарихи орындарды қорғау, көкпар спортын өткізуге арналған аумақтарды белгілеу, жұртшылықтың бұқаралық спортпен шұғылдануына жағдай жасау бағытында пікірлерін айтты.

Жиынды түйіндеген Мархабат Байғұт әрбір ұсыныс хаттамаға енгізіліп, тиісті жұмыс жүретінін мәлімдеді.

«Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары, фракция жетекшісі Бейсен Тәжібаев өңірдің туристік әлеуетін көтеру, тарихи ескерткіштерді қорғау, руханиятқа, спортқа қолдау көрсету және насихаттау  партияның Жол картасының басым бағыттарына енгізілгенін жеткізді. Әрбір басқарма немесе орталық өз салаларындағы мәселелерді жасырмай айтып, жергілікті әкімдіктерге ұсыныстар беріп, белсенді жұмыс жүргізуі тиіс екеніне тоқталды. «Ұлттық мұра» жобасы аясында өткен «Түркістан ғажайыптары» өлкетану экспедициясының өңір тарихын, өлкетануды зерделеуде табысты еңбек еткенін айта келе, экспедиция мүшелерін алғыс хатпен марапаттады.

Previous Post

Бірінші басшылардың дербес жауапкершілігі қандай болу керек?

Next Post

Түркістан: Қоғамдық даму басқармасына жаңа басшы тағайындалды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі