13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Шымкент қаласының әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссияның отырысы өтті

30 сентября, 2021
in Жаңалықтар
0
Шымкент қаласының әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссияның отырысы өтті
Share on FacebookShare on Twitter

2021 жылғы 30 қыркүйек күні Шымкент қаласы әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссияның төрағасы, әкімнің бірінші орынбасары Мұқан Шыңғыс Жұмабекұлының басшылығымен құзырлы мемлекеттік органдар басшылары және жергілікті үкіметтік емес ұйымдар жетекшілерінің қатысуымен комиссия отырысы өткізілді.

Өңірлік комиссия мүшелері бастапқыда Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның отырысына бейне-конференц байланысы арқылы қатысты. Онда күн тәртібіне сәйкес «Отбасындағы зорлық-зомбылықсыз Қазақстан» жобасының 5 өңірде (Нұр-Сұлтан, Шымкент қалалары және Алматы, Маңғыстау, Шығыс Қазақстан облыстары) іске асырылуы туралы мәселелер талқыланды.

Сондай-ақ, комиссия отырысы барысында «Қазақстан Республикасындағы 2030 жылға дейінгі отбасылық және гендерлік саясат тұжырымдамасын» іске асыру бойынша бірқатар мәселелер қарастырылды.

Оның ішінде, бекітілген жоспарға сәйкес «Баласыз отбасыларды мемлекеттік қолдау туралы» («Аңсаған сәби» арнаулы бағдарламасы, экстракорпоральды ұрықтандыру бойынша квоталар) Денсаулық сақтау басқармасының, «Жалпы білім беретін пәндердің мазмұнындағы репродуктивті тәрбие мен білім беру мәселесі туралы» (Аз қамтылған және сәтсіз отбасылардағы балалардың тәрбиесі, жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алуда мемлекеттік органдар мен қоғамдастықтың қарым қатынасын арттыру жұмыстары туралы) Білім басқармасының, «Қазақстан Республикасындағы 2030 жылға дейінгі отбасылық және гендерлік саясат тұжырымдамасының Еңбекші ауданында орындалу барысы туралы» Еңбекші ауданы әкімінің орынбасары, аудандық комиссия төрағасының және «Отбасылық құндылықтарды нығайту, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың профилактикасы және репродуктивті  денсаулықты сақтау мәселелерін тұрғындар арасында ілгерілету бойынша діни бірлестіктермен жұмыс туралы» Дін істері басқармасы басшыларының атқарылған жұмыстар туралы баяндамалары тыңдалып, өзекті мәселелер талқыланып, шешу жолдары қарастырылды.

Қорытындысы бойынша Шымкент қаласының әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі Өңірлік комиссия тарапынан тиісті жұмыстарды жүргізу бойынша бірқатар құзырлы органдарға ұсыныстар берілді.

Previous Post

Шымкентте бейнебақылау камераларының саны артуда

Next Post

Бес жылда кәсіптік білімнің 42% дуальды оқытуға көшеді

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі