13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Этностық құрамы әралуан өңір бірлік пен келісімнің жарқын үлгісін көрсетіп отыр

29 сентября, 2021
in Жаңалықтар
0
Этностық құрамы әралуан өңір бірлік пен келісімнің жарқын үлгісін көрсетіп отыр
Share on FacebookShare on Twitter

Бүгін Түркістан облысына іссапары аясында Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары М.Әзілханов және Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Этносаралық қатынастарды дамыту комитетінің төрағасы Ғ. Шойкин облыстағы бірқатар аудандардың өкілдерімен кездесу өткізді.

Қазығұрт ауданының Қазығұрт ауылында М.Әзілханов және Ғ.Шойкин Қазығұрт, Сарыағаш, Төлеби, Келес, Жетісай, Мақтаарал, Шардара аудандарының және Арыс қаласының этномәдени бірлестіктері өкілдерімен кездесті.

М.Әзілханов Тәуелсіздіктің 30 жылдығы Ассамблея жұмысында үлкен өзгерістер болған жылмен тұспа-тұс келгенін атап өтті. Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Ассамблеяның Құрметті Төрағасы болып, оны басқару құқығын Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевқа тапсырды.Мемлекет басшысы Қазақстанның көпэтносты халқын болашағы біртұтас ұлтқа біріктіру – этносаралық қатынастар саласындағы басты міндет екеніне айрықша назар аударды.

Кездесуде этносаралық тұрақтылықты нығайту саласындағы жұмыстың тиімділігін одан әрі арттыру мәселелері талқыланды. «Бізге түрлі этностар өкілдерінің арасында қазақстандық азаматтық бірегейлікті нығайту, этносаралық өзара іс-қимылдың кең коммуникациялық алаңдарын қалыптастыру бойынша нысаналы бірлескен жұмыс қажет», — деп атап өтті М.Әзілханов.

ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Этносаралық қатынастарды дамыту комитетінің төрағасы Ғ. Шойкин мемлекеттік қызметшілердің жұмысына және олардың елдегі этносаралық тұрақтылықты нығайтудағы рөліне, мемлекеттік органдардың этносаралық келісімді қамтамасыз ету саласындағы жұмысын жетілдіру мәселелеріне, аталған жағдайға сапалы талдау және мониторинг жүргізу қажеттігіне, халықпен ауқымды ақпараттық және ақпараттық-түсіндіру жұмысын ұйымдастыруға назар аударды.

Кездесуде жастарды интеграция рухында тәрбиелеу, мемлекеттік тілді меңгеру, басқа мәдениеттер мен дәстүрлер өкілдерімен өзара іс-қимыл жасауға бейілділік таныту қажеттілігі атап өтілді. Бұл бағытта Ассамблеяның барлық құрылымдары, Аналар кеңестері, Қоғамдық келісім кеңестері, жастар ұйымдары этносаралық коммуникация алаңы ретінде жұмыс істеуі тиіс.

Түркістан облысы халқының құрамы саналуандығымен  ерекшеленеді, өңірде 50-ден астам этностар мен этностық топтардың өкілдері тұрады.

Облыста 11 этномәдени бірлестік (өзбек, славян, түрік, күрд, иран, тәжік, шешен-ингуш, татар-башқұрт, әзербайжан, грек, «Ынтымақ» этносаралық этномәдени бірлестігі) бар, аудандар мен қалаларда 7 филиал және 14 өкілдік жұмыс істейді.

Қатысушылардың пікірі бойынша мұндай кездесулерді жиі ұйымдастрылуы Қазақстан халқының бірлігі мен ынтымағын нығайтуға септігін тигізеді.

Previous Post

«Turkistan» телеарнасы түркі мемлекеттеріне ортақ арна атанады

Next Post

Түркістандық спортшылар 4 медаль еншіледі

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі