13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Биыл ашылған мектептер циклі: «125 HIGH SCHOOL»

24 сентября, 2021
in Жаңалықтар
0
Биыл ашылған мектептер циклі: «125 HIGH SCHOOL»
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкентте үш ауысымдағы мектептер мәселесі 2024 жылға дейін шешіледі. Аталған жұмыстар білім саласын дамытудың 5 жылдық жоспарында қамтылған. Мұндай өзекті мәселенің түбегейлі шешілуі білімді ұрпақ тәрбиесі үшін өте маңызды.

Қалада 10-11 сыныптарға арналған «125 HIGH SCHOOL» мектебі Ұлттық біріңғай тестілеуге қатысатын оқушылар үшін ерекшеленіп отыр. Аталған мектеп Тәуелсіздіктің 30 жылдығы қарсаңында 1 қыркүйектен бастап өз жұмысын бастады. Қазір мұнда 254 оқушыға 48 мұғалім ҰБТ сынағының жеті бағыты негізінде білім беруде. Мектеп директоры Оралған Темірханұлының сөзінше, мектепте оқушыларға білім беру ақылы түрде жүргізіледі. Дегенмен, жан басына қаржыландыру бағыты бойынша «Қаржы орталығына» құжат тапсырып, өтінім берілген.

–Біздің мектепте оқушылардың әлеуметтік жағдайына қарай 8 түрлі жеңілдік қаралған. Мемлекет тарапынан мектебіміз қаржыландырылса білім алушылардың төлемақысына көп жеңілдік болар еді. Осы мақсатта құжаттарымызды тиісті мекемеге тапсырып, жауабын күтіп отырмыз, -деді ол.

«125 HIGH SCHOOL» мектебі еліміздің 7 өңірінде оқу орталығы негізінде жұмысын бастаған. Қазір 27 орталық ішінде жетеуі мемлекеттік лицензиясы бар мектептер желісі болып жұмысын жалғастыруда. Білім мекесінің негізгі миссиясы – бітіруші сыныптарды мектеп пен дайындық курсын екі жақты оқымай, арнайы методика негізінде бір жерден білім беру.

Ұстаздардың айтуынша, білім алушылардың 70 пайызы химия-биология мен физика-математиканы таңдаған. Сонымен бірге, география –математика, дүниежүзі тарихы-ағылшын тілі және адамның қоғамдағы құқығы-тарих бағытында оқиды.

Мектеп кәсіби бағдар беру, компьютерлік тестілеу, менторлық жүйе, «Коворкингті» орталық және сабақтан тыс уақытта ұйымдастырылатын мотивациялық іс-шаралар өткізу жүйесін де тиімді жүзеге асыруда.

Previous Post

Тұрғын үй иелеріне тұрғылықты тіркеу жасалғанда SMS жолданады

Next Post

Шымкент: ХҚО-да төлқұжатты немесе куәлікті ресімдеуді QR-код көмегімен төлеуге болады

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі