13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Қоғам

ТҮРКІСТАН: ПОЛИЦИЯҒА ҚАБЫЛДАУДЫҢ ТАЛАПТАРЫ ТҮСІНДІРІЛДІ

1 июня, 2020
in Қоғам
0
ТҮРКІСТАН: ПОЛИЦИЯҒА ҚАБЫЛДАУДЫҢ ТАЛАПТАРЫ ТҮСІНДІРІЛДІ
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістан облысы Полиция департаментінің басшылығы азаматтарды қабылдап, олардың талап-тілектерін, өтініштерін, мәселелерін қарауды үзген емес.

Карантин кезінде халықтың қауіпсіздігі мақсатында азаматтарды жеке қабылдау тоқтатылып тұрса да, полицейлер тұрғындармен жазбаша, тікелей эфирлер, онлайн түрінде кері байланыс орнатуда.

Жуырда департамент бастығының орынбасары, полиция полковнигі Бағлан Халықов әлеуметтік желіде тікелей эфир арқылы тұрғындардың көкейдегі сұрақтарына жауап берді. Тікелей эфирге департамент бастығының кадр жөніндегі орынбасары шыққанынан хабардар болған көпшіліктің сұрағы да көбінесе  ішкі істер органдарына қызметке орналасу тәртібіне қатысты болды.

«Жасы 35-тен аспаған, білімі жоғары, әскери борышын өтеген еліміздің патриоты ішкі істер органдарында қызметке қабылданады. Жалпы, ішкі істер органдарында елге қызмет еткісі келетін адам ең алдымен Қазақстанның азаматы болуы керек. Заң аясында Мемлекеттік қызмет істері басқармасынан тестілеуден өтуі тиіс. Физикалық, психологиялық және полиграфиялық тексерістерден өтуі қажет. Осы сынақтардың барлығынан сүрінбей өткен азаматтар конкурсқа қатыса алады. Конкурс жарияланған соң 10 күн ішінде сонда көрсетілген талап етілетін құжаттарды қабылдаймыз. Сосын арнайы құрылған комиссияның қарауына ұсынылады. Барлық талапқа сай сынақтан өткен азамат кадрлық резервке алынады. Өте алмағандар қайтарылады. Мұның бәрі ашық жүргізіледі, тиісті сайттарда жарияланады», деді Бағлан Халықов.

Полиция департаменті бүгінде елімізде құқықтық тәртіптің сақталуын жүзеге асырумен қатар халыққа жақын болып, ашықтық орнату мақсатында  бұқаралық ақпарат  құралдарының, әлеуметтік желілердің мүмкіндігін пайдалануда.

 

Түркістан облысы

Previous Post

САРЫАҒАШТА ЖАЛПЫ ЖЫЛЫЖАЙ КӨЛЕМІ 664,6 ГЕКТАРҒА ЖЕТТІ

Next Post

ТҮРКІСТАН: РЕСЕЙГЕ 25 ТОННА ҚАРБЫЗ ЖӨНЕЛТІЛДІ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі