13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Шымкентте діни конфессия өкілдері арасында спартакиада басталды

22 сентября, 2021
in Жаңалықтар
0
Шымкентте діни конфессия өкілдері арасында спартакиада басталды
15
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Бүгін Шымкент қаласының дін істері басқармасының тапсырысымен «Сарын» қоғамдық қайырымдылық қорының ұйымдастыруымен қаламызда Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мен «18 қазан – Рухани келісім күніне» орай діни конфессия өкілдері арасында айлық спартакиада өз бастауын алды. Бұл жоба қала тұрғындары арасында татулық пен келісімді нығайту, бұқаралық спортты насихаттау, салауатты өмір салтын дәріптеу мақсатында өтуде. Жоба бағдарламасы спорттың футбол, үстел теннисі және шахмат түрлерінен өтті. Аталмыш спорт түрлері бойынша Шымкент қаласының діни конфессия өкілдері 16 команда болып жарысқа түсуде. 1 айға созылатын бұл спартакиаданың алғашқы күні қала әкімдігі өкілдері, Шымкент қаласы маслихатының депутаттары және қоғам қайраткерлерінің қатысуымен өтетін ашылу салтанатынан бастау алды. Сонымен қатар, дәл осы күні командалар арасында футболдан топтық турнир өтті. 22 қыркүйек пен 15 қазан аралығында іріктеу турнирі өтсе, ағымдағы жылдың 15 қазаны күні ақтық финал мен спартакиаданың жабылу салтанаты күтілуде. Барлық қатысушылар ұйымдастырушылар атынан алғыс хатқа ие болып, жеңімпаздарға құнды сыйлықтар мен кубок табысталады. Жоба толықтай медициналық қызметкердің қатысуымен және карантиндік сақтық шараларын сақтай отырып өтуде.

Previous Post

«Алғашқы жұмыс орны» жобасы аясында жүзден аса жас жұмысқа орналасты

Next Post

Шымкентте аптасына үш күн азық-түлік жәрмеңкесі өтеді

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі