13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Cаясат

Жол картасының орындалуы бақылауда

13 сентября, 2021
in Cаясат
0
Жол картасының орындалуы бақылауда
Share on FacebookShare on Twitter

”Nur Otan» партиясының жанындағы білім және ғылымды дамыту жөніндегі республикалық қоғамдық кеңестің төрайымы Жұлдыз Досбергенқызының іс сапары «Nur Otan» партиясының «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» атты 2021-2025 жылдарға арналған сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі Жол картасы бойынша білім саласында атқарылған ауқымды жобаларымен  танысуға жалғасты.

Шымкент қаласы бойынша партияның сайлауалды бағдарламасын іске асыру үшін әзірленген Жол картасындағы 149 кешенді іс-шараның қатарында үш ауысымды мектеп мәселесін түпкілікті шешу көзделген. Осы мақсатта қаланың солтүстік бөлігінде орналасқан «Тұран» шағын ауданында биыл 1200 орынға лайықталған мектеп пайдалануға берілген. Қазіргі таңда аталған ауданда тұрғын үй құрылысы қарқын алған. Яғни, алдағы уақытта ондағы тұрғындар саны арта түсетіні белгілі. Соған сәйкес келер жылы мектептегі оқушылар саны 2 мыңға дейін жетеді деген болжам бар.

📚💡📝Аталған білім ұясына арнайы барған Мәжіліс депутаты Жұлдыз Сүлейменова ондағы оқу процесін бақылап, жаңа оқу ғимаратының заман талабына сай жарақтандырылғанын атап өтті. Сонымен қатар ол, оқушыларды жаңа оқу жылының басталуымен құттықтап, оларға сәттілік тіледі.

Айта кетейік, биыл қалада  5 үш ауысымды мектептің мәселесі оң шешіліп, олардың саны 14-тен 9-ға азаяды.

Tags: 13kz13kz.kz13кзNur OtanШымкент
Previous Post

Жыл басынан бері қазақстандықтарға 1,7 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді

Next Post

ЭЦҚ-ны шетелде жүріп-ақ алуға болады

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі