13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Билік

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес – бүгінгі күн талабы

9 сентября, 2021
in Билік
0
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес – бүгінгі күн талабы
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкент қаласындағы Еңбекші және Қаратау аудандарының біріктірілген қорғаныс істері жөніндегі басқармасының жеке құрамымен сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу мақсатында семинар өтті.

Сыбайлас жемқорлықпен күресу және оны жеңу бүгінгі күннің күрделі мәселесіне айналып отыр. Осы орайда, семинарда

«Шымкент – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің және әскери полициясының өкілдері жеке құраммен жемқорлыққа қарсы сананы дамыту және патриоттық сезімді барынша бойына сіңдіру тақырыбында сөз қозғады.

Ал, сыбайлас жемқорлыққа қарсы сана дегеніміз – бұл адамдардың жемқорлыққа жол бермеуі, оны қоғам дерті деп қабылдауы, оған қарсы ұғымдар, түсініктер, теориялар мен көзқарастар қалыптастыру болып табылады.

Бұдан бөлек семинар барысында қатысушыларға әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің баптары, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың жаңалықтары мен заманауи механизмдері жеткізілді.

– Жемқорлық еліміздің, қоғамның және барлық саланың дамуына кедергі болатын, болашағына кері әсерін тигізетін індет. Оған осы бастан тоқтау қоймасақ, баршамыздың өсіп-өркендеуімізге кепіл жоқ. Сыбайлас жемқорлықпен түбегейлі күресу үшін халықтың құқықтық сауатсыздығын жоятын, құқықты түсіндіру жұмыстарын өткізудің маңызы зор, – деді жобалық кеңсенің басшысы Жани Қамбар.

Семинар соңында қатысушылар сұрақтарымен бөлісіп, жауаптарын алды. Сондай-ақ, жемқорлықтың одан әрі құлаш жаймауына өз үлестерін қосуды және оған тосқауыл болу басты міндет екенін түсінді.

2-ші сыныпты сержант Мақсат ЖАҚСЫБЕК

Шымкент гарнизонының баспасөз қызметі

Tags: 13kz13kz.kz13кзсыбайлас жемқорлықШымкент
Previous Post

Депутаттар халықпен бірге

Next Post

Жыл басынан бері қазақстандықтарға 1,7 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі