13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Еңбекші ауданында 21 көшеге шағал тас төселді

6 сентября, 2021
in Жаңалықтар
0
Еңбекші ауданында 21 көшеге шағал тас төселді
Share on FacebookShare on Twitter

Қаламыздағы жалпы автомобиль жолдарының ұзындығы 3247 шақырымды құрайды. Оның 632 шақырымы Еңбекші ауданына қарасты. Қазіргі уақытта аудандағы 393,4 шақырымға асфальт жол, 208,1 шағал тас болса, ал 30,5 шақырым топырақ жол болып табылады.

Биыл мұнда 62,4 шақырым асфальт жолға жөндеу жүргізіліп, 13 шақырым жолға шағал тас төсеу жоспарланған.

Қала әкімінің Еңбекші ауданына барған сапары кезінде жол бойынша атқарылған жұмыстарды қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Е.Жолдасов баяндады.

Күрделі жөндеу жұмыстарына сәйкес, «Корпорация Береке—А» құрылыс компаниясының мердігерлігімен 17 көшеге, яғни 6 шақырым жол жөнделіп, толығымен пайдалануға берілген.

Орташа жөндеу жұмыстары бойынша жалпы саны 40 шалғай және ішкі орам көшелері, яғни 50,2 шқ жол жөндеуден өтуде. Оның ішінде 28 көше (70%) толығымен аяқталған, 9 сотпен тоқтатылған, ал 3 жұмыс барысында. Бұл жұмыстар жыл соңына дейін аяқталмақ.

Ауданның магистралды көшелері — Ж.Шаяхметов, Ақназар хан және К.Цеткин көшелерінде 46% жұмыс аяқталып, қазіргі уақытта сотпен тоқтатылған.

Ал, қиыршық тас төсеу жұмыстарын мердігер мекеме «Пример-Строй» ЖШС жүргізді. Ауданға қарасты Еламан, Жұлдыз, Оңтүстік және Бадам шағын аудандарындағы 13 шақырымды құрайтын 21 көшеге шағал тас төселді.

2022 жылғы жоспар Еңбекші ауданындағы ұзындығы 111,4 шақырым болатын 44 көшеге асфальт салу жоспарланып отыр.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

 

Previous Post

Еңбекші ауданында биыл 15 ашық спорт алаңшасы салынады

Next Post

Наурыз шағын ауданындағы 3850 тұрғын кәріз жүйесіне қосылады

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі