13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Еңбекші ауданындағы тұрғындардың 94,4 пайызы ауыз сумен қамтылған

6 сентября, 2021
in Жаңалықтар
0
Еңбекші ауданындағы тұрғындардың 94,4 пайызы ауыз сумен қамтылған
Share on FacebookShare on Twitter

Мемлекет басшысы міндеттеген тапсырмалардың орындалуын бақылау мақсатында бүгін Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов Еңбекші ауданына келді. Ауданда тұрғындардың жайлы өмір сүруіне жағдай жасау үшін жүйелі жұмыстар атқарылып келеді. Қала басшысы аудандағы инфрақұрылым жұмыстарының барысымен танысты.

Еңбекші ауданының әкімі Есілбек Досбол аудан аумағындағы 35 шағынаудан мен тұрғын алаптардың халық шоғырланған негізгі бөлігі ауыз су, электр жарығы, табиғи газ, жол инфрақұрылымдарымен қамтылғанын мәлім етті. Оның айтуынша, аудан ауыз сумен 94,4%-ға қамтылған болса, мемлекеттік электр жүйесімен қамту көрсеткіші жыл қорытындысымен 95,2%-ға, ал табиғи газбен қамту 86,4%-ға жеткізілген.

Аудан тұрғындарының ауыз су жүйесімен қамтылмаған 5,6 пайызы, яғни, 8 тұрғын алаптағы жаңа құрылыс учаскелеріне су жүйесін жүргізу бойынша жобалық сметалық құжат әзірленуде. Жобалаушы мекеме «Конструктор-80» ЖШС-і болып табылады. Тиісті құжаттар әзір болғанда аталған сегіз елді мекенге су кіргізу үшін қаржы бөлуге өтінім беріледі. Бұл жұмыстар келер жылдың еншісінде.

2022-2023 жылдары Қарабастау, Жұлдыз, Бадам, Оңтүстік-Жаңақұрылыс, Қаратөбе, Тоғыс, Жыланбұзған, Айнатас-1 тұрғын алаптарының жаңақұрылыс бөлігіндегі тұрғындарға сапалы су жеткізіледі деп жоспарлануда.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

 

Previous Post

«Тұран» шағынауданына сапалы ауыз су келді

Next Post

«Асар-2» шағын ауданындағы 11 мыңнан астам адам биыл ауыз сумен қамтылады

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі