13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Cаясат

Шымкентте офицерлер құрамы аттестациядан өтуде

2 сентября, 2021
in Cаясат
0
Шымкентте офицерлер құрамы аттестациядан өтуде
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкент қаласы қорғаныс істері жөніндегі департаментінде қызмет атқаратын 20-ға жуық офицері қызметтік ісін, кәсіби біліктілігін бағалау және кәсіби әлеуетін дамыту, олардың атқарып отырған әскери лауазымдарына сәйкестігін және одан әрі қызметте пайдалану перспективаларын айқындау мақсатында аттестаттаудан өтуде.

Аттестаттау барысы департамент бастығының бірінші орынбасары – штаб бастығы подполковник Тауыржан Смағұловтың төрағалығымен офицерлер құрамының моральдық және психологиялық қасиеттерін зерделеу, сондай-ақ әскери қызметті регламенттейтін заңнама ережелерін, жалпы әскери жарғыларын және лауазымдық міндеттерін, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнаманы білуімен қатар, кәсіби және дене дайындығынан сынақтар тапсыруы бойынша тиісті деңгейде ұйымдастырылды.
– Аттестаттаудан өтудің негізгі міндеттері әрбір офицердің кәсіби, іскерлік және жеке қасиеттерін, әлеуетті мүмкіндіктерін, оның атқарып отырған лауазымға сәйкес келуін анықтау, сондай-ақ жетілдіру мен нығайтуды қажет ететін офицерлер корпусының осал тұстарын айқындаудан тұрады. Сонымен бірге, аттестаттау жаңа анағұрлым күрделі кәсіби тапсырмаларға әзір әскери қызметшілердің әрі қарайғы мансаптық өсуіне жаңа перспективалар ашады, – деді Смағұлов.
Айта кетсек, еліміздің Қарулы Күштеріндегі аттестаттау міндетті түрде үш жылда бір рет ұйымдастырылады. Оған барлық санаттағы офицерлер құрамы қатыстырылады.

Шымкент гарнизонының баспасөз қызметі

Tags: 13kz13kz.kz13кзофицерлерШымкент гарнизоны
Previous Post

«Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығында әскери үшсайыс жеңімпаздары анықталды

Next Post

Түркістандық әскерилер «Мектепке жол» акциясына өз үлестерін қосты

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі