13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Түркістанда сатира сардары Ермахан Шайхыұлының мерейтойы өтті

31 августа, 2021
in Жаңалықтар
0
Түркістанда сатира сардары Ермахан Шайхыұлының мерейтойы өтті
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістан облысында жазушы, журналист, публицист, белгілі сықақшы Ермахан Шайхыұлының «Түркістаным – Мысыр шахарым» атты әдеби кеші өтті. 55 жасқа арналған мерейтой қарсаңында өткен шарада жаңа кітаптың тұсауы кесілді. Шығармашылық кеште бірқатар зиялы қауым өкілдері мен оқырмандар бас қосты.
Жиын барысында Ермахан Шайхыұлына облыстық қоғамдық даму басқармасының басшысы Дамир Даулетұлы, «Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Бейсен Тәжібаевтың және Түркістан қаласы әкімінің Нұрбол Тұрашбековтың құттықтау хаттары мен кәдесыйлар табысталды.
Өз кезегінде кештің жүргізушісі, Журналистер, Халықаралық Жазушылар одағының мүшесі А.Пашанова мерейтой иесінің әдебиет әлемінде алатын орны жайында өзінің пікірін білдіріп, құттықтауын жеткізді.
«Ерекең түлеп, түрленіп жатқан Түркістанның әрбір жаңалығына жас балаша қуана біледі. Ерекең өзін Түркістаннан шыққан дарын ретінде мойындатқан жан. Ерекеңнің Түркістан мәдениеті мен өнер саласында ізі қалған десек қателеспейміз. Алғаш рет «Түркістан тынысы» телеарнасын ашқан журналист те өзі», – деді А.Пашанова.
Мерейтой иесін әріптестері – 31 арнаның Түркістан облысындағы меншікті тілшісі Ерлан Қуандықов, «Turkistan Media” холдингінің атқарушы директоры Тельман Бейсен және зиялы қауым өкілдері мен туған-туыстары құттықтап, сый-сияпат табыс етті. Сондай-ақ, Дүние таланттары Одағының президенті Дана Даулетова Ермахан Шайхыұлына Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына орай “Абай” медалін тақты.
Кездесу соңында Е. Шайхыұлы өзіне көрсетілген құрмет үшін алғысын білдірді.
«Дана халқымыз: «Әркімнің туған жері – Мысыр шаһары» – деп бекер айтпаған ғой. Менің туған жерім — Түркістан қаласы. Тәуелсіздіктің 30 жылдығының қарсаңында, күні кеше ғана Түркі дүниесінің рухани астанасы атанып жатқан тұста Түркістан қаласы күннен-күнге өсіп, өркендеп, дамып келе жатыр. Тек қана жергілікті түркістандықтар ғана емес, бүкіл қазақ елі қаланың дамығанын, күн санап түлеп келе жатқанын көріп, қуанудамыз. Түркістанға әлемнен арнайы туристер келіп, көңілдері марқайып жатыр. Ал, енді осы туған жердің түлегі деп, «Ұлы дала елі» мұражайында арнайы менің шығармашылық кешімді ұйымдастыруға атсалысып жатқан Түркістан облыстық, қалалық әкімшіліктің басшыларына және ел- жұртқа, осы мекеме басшыларына алғысымды білдіремін. Түркістан түлеп, өсіп-өне берсін. Еліміз аман болсын», – деді Е. Шайхыұлы.
Сондай-ақ, кештің қадірлі қонағы ҚР Композиторлар одағының Түркістан облысы бойынша төрайымы Құралай Сәтмұханбетова өзінің төл туындысы «Ауылға барамын» әнін шырқады.

Түркістан облысы Өңірлік коммуникация қызметі

Previous Post

Шымкентте «Мектепке жол» акциясы жалғасын табуда

Next Post

«Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығында әскери үшсайыс жеңімпаздары анықталды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі