13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ANTIKOR.LIVE: Тікелей эфирде ветеринарлық қызметтің жұмысы баяндалды

27 августа, 2021
in Жаңалықтар
0
ANTIKOR.LIVE: Тікелей эфирде ветеринарлық қызметтің жұмысы баяндалды
Share on FacebookShare on Twitter

«Аntikor ortalyǵy» алаңында тікелей эфирде Ветеринариялық қызметінің директоры Н.Зейнолла мекеменің қызметі мен ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру мақсатында атқарылған жұмыстармен таныстырды.

Эфир барысында спикер 24 түрлі ауруларға қарсы профилактикалық екпе және диагностикалық зерттеулер жүргізіліп отырғандығынан хабардар етті.

Оның айтуынша, қала тұрғындарынан қаңғыбас ит, мысықтар бойынша көп өтініштер келіп түседі. Ұсталған ит пен мысықтар Абдул- абад елді мекенінде уақытша оқшаулау орталығында  3 күн ұсталынады. Оның иесі  іздестіріледі, егер табылған жағдайда ветеринариялық  құжаттары көрсетіліп, жануарларын алып кете  алады. Сондай-ақ, бірдейлендіру жұмыстары, төлдеріне сырға салу және де эпизотияға қарсы екпе жұмыстары жүргізіледі.

Ауылшаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жайына тоқталған Нұрсұлтан Зейнолла аталған салада ветеринария саласын цифрландыру жобасын жүзеге асыру жоспарланғандығынан хабардар етті.

Спикердің айтуынша көпшілік тұрғындар сатып алған немесе белгілі себептермен сойған малы туралы кезінде тұрғылықты жердегі ветеринар мамандарға хабар бермегендіктен, уақытылы кіріс-шығыс есебі жүргізілмеу салдарынан бүгінгі таңда, статистикалық мәлімет пен дерекқор базасындағы айырмашылықтарды бір жүйеге келтіруде қиындықтар туындауда. Ал жаңа жүйе сол олқылықтардың алдын алып, үйден шықпай-ақ, қажетті куәлікті алуға мүмкіндік береді. Жобаның артықшылығы —  ветеринария мамандарына және қала тұрғындарына цифрлық технологиялар қолданумен электронды қызметтер көрсетіледі. Электронды өтініш  мобилді платформа арқылы берілсе, тікелей қарым-қатынысты тудырмай, платформа қолдану арқылы  операцияларды жүргізген — сыбайлас жемқорлықпен күрес болып табылады.

Сондай-ақ, Ветеринариялық қызмет басшысы аталған салаға қатысты сұрақтар туындаған жағдайда 8(7252) 450505 және 450522 телефондары және әлеуметтік желідегі (vet_sluzhba, vet_qyzmet_shymkent) парақшалары арқылы ақпарат алуға болатындығын жеткізді.

Сондай-ақ, эфирді жүргізген «Шымкент-адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің басшысы Ж.Қамбар Агенттікпен ауыл шаруашылығы саласында талдау жүргізілгендігінен хабардар етті.

Previous Post

Тұрғын үй реформасын қолдаушылар көп

Next Post

Шымкентте «Мектепке жол» акциясы жалғасын табуда

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі