13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Білім

ТҮРКІСТАНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТТЕ «ТАЗА СЕССИЯ» БАСТАЛДЫ

13 июня, 2020
in Білім, Қоғам
0
ТҮРКІСТАНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТТЕ «ТАЗА СЕССИЯ» БАСТАЛДЫ
Share on FacebookShare on Twitter

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Түркістан облысы бойынша Департаментінің бастамасымен Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университетінде «Таза сессия» акциясы бойынша  келелі кездесу өтті.

Негізгі мақсаты — емтиханның ашықтығын қамтамасыз ету және  жоғары білім беру  жүйесінде  сыбайлас жемқорлық көріністерінің алдын алу, сондай-ақ студенттер мен оқытушылар арасында адалдық құндылығын кеңінен насихаттау болып табылатын акция аясында өткен кездесуге Департамент басшысының бірінші орынбасары Мирас Қарғабай, Халықаралық университеттің вице-президенті Әміреқұл Абуов және Академиялық мәселелер бойынша департамент директоры Талғат Ниязов,  сондай-ақ «Түркістан — Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің менеджері  Ерұлан Тұңғышбаев қатысты. Кездесуде жоғары оқу орнының қоғам індетімен қарқынды күрес жүргізу бойынша атқарып жатқан жұмыстары ортаға салынды. Университет бойынша барлық емтихандарға бейнебақылау жүргізілген және сессияның өту барысына прокторинг  жасайтын арнайы жұмыс тобы  құрылған. Онлайн емтихандар  moodle (dot.ayu.edu.kz) платформасында және Zoom, Webex Meetings, Microsoft Teams қосымшалары  арқылы өтуде. Сондай-ақ кездесуде Парасаттылық орталығы мен арнайы бекітілген мамандар онлайн емтиханның өту барысын жіті қадағалап отырғаны айтылды. Ал Мирас Асқарбайұлы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша қойылған сенім жәшігіндегі студент пікірлерін назарға алу қажеттігіне тоқталып, білім беру ошағы — ел ертеңінің берік іргетасын қалыптастыруда айрықша маңызға ие, сондықтан жастар адал біліммен азықтануы тиіс екенін айтты.

Жиынды қорытындылаған  Әміреқұл Абуов Агенттіктің бастамасымен Халықаралық университетте қолға алынған бірқатар жобаның нәтижесіне тоқталып, сыбайлас жемқорлықсыз мәдениетті қалыптастыруда студент жастардың  белсенділігі жоғары екенін жеткізді.

Previous Post

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ПОЛИЦЕЙЛЕРІ 205 КЕЛІДЕН АСТАМ КӨКНӘР ТӘРКІЛЕДІ

Next Post

ТҮРКІСТАН: БАҒБАНДАР ҚАРҚЫНДЫ БАУДЫҢ ЖЕМІСІН ЖИНАЙ БАСТАДЫ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі