13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Шымкент: Ішкі орам көшелерде жөндеу жұмыстары жүргізілуде

23 августа, 2021
in Жаңалықтар
0
Шымкент: Ішкі орам көшелерде жөндеу жұмыстары жүргізілуде
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкент қаласында бүгінгі таңда 182 нысан немесе 311,3 шақырым  жол құрылыс-жөндеу жұмыстарымен қамтылған. Жыл соңына дейін 169 нысан (270,3 шақырым) пайдалануға беріледі.

Шымкент қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Ержан Жолдасов қала әкімдігінің «Instagram» парақшасында өткен тікелей эфирде атқарылған жұмыстарды атап өтті. Басқарма басшысы жыл басынан бері жүзеге асқан жұмыстарды қорытындылап, тұрғындар сауалына жауап берді.

Бүгінгі таңда қалада Рысқұлов-Қонаев көшелерінің қиылысындағы жолайрық, Қонаев көшесі жалғасы құрылысы, магистралды көшелерде орташа жөндеу, ішкі орам көшелерде жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

Рысқұлов-Қонаев көшелерінің қиылысындағы жолайырық құрылысын толығымен аяқтау ағымдағы жылдың желтоқсан айына жоспарланған. Нысан құрылысына жауапты мердігер — «Bazis Construction» ЖШС.

Қонаев даңғылы жалғасы құрылысының 2 кезеңі жұмыстары («Ескі қалашық» аумағы) «Сити Строй» корпорациясы тарапынан атқарылуда. Қазіргі таңда аталған нысан бойынша жер негізін жасау жұмыстары жүзеге асырылуда.

Қонаев даңғылы жалғасы құрылысының 3-ші кезеңінің құрылыс жұмыстары «КазахДорСтрой» ЖШС -не жүктелген. Бүгінгі таңда 700 м екі бағытты айналма темір жолын, 948 м кәріз құбырын салу, 3,4 шақырым кабель желілері, 24 темір жол электр бағаналарын және 2 дана жер асты жаяу жүргіншілер өткелдерін орнату жұмыстары орындалды.

Шымкент қаласы бойынша 71 көше, яғни 49,8 шақырым жолды күрделі жөндеуден өткізу жоспарланған. Атап айтқанда, Қаратау ауданы бойынша 15,4 шақырым, Абай ауданы бойынша 9,1 шақырым, Еңбекші ауданы бойынша 9,1 шақырым жол күрделі жөндеуден өтеді.

Сондай-ақ, қазіргі уақытта Шымкент қаласы бойынша жалпы ұзындығы 21,9 шақырым 9 магистралды көшеде орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

Ішкі орам көшелері бойынша жалпы 151 көше, 180,4 шақырым жөндеу жұмыстары қолға алынған. Қазіргі таңда 66 көшеде жөндеу жұмыстары аяқталды.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Previous Post

Қаратау ауданында мобильдік топтың жұмысы қарқынды жүргізілуде

Next Post

Шымкент архивіндегі 5 миллион парақ электрондық форматқа көшіріледі

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі