13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Шымкентте көкөніс шаруашылығын дамытуда жаңа жоба қолға алынды

23 августа, 2021
in Жаңалықтар
0
Шымкентте көкөніс шаруашылығын дамытуда жаңа жоба қолға алынды
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкент қаласындағы «KARLSKRONA FD IC» ЖШС зауытында көкөніс-бақша дақылдарының көшеттерін өңделген және ашық топыраққа отырғызу бойынша аспалы екі қатарлы көшет отырғызу машинасының конструкциясын енгізу және көбейту жобасы іске асырылуда. Онда отандық рпм-2kz үлгісі қолданылып жатыр.

Жобаның мақсаты – қаладағы агроөнеркәсіптік кешендердегі фермерлік шаруашылықтарды іске асыру үшін РПМ-2kz үлгісіндегі көшет отырғызу машинасының өнеркәсіптік үлгілерін және шағын сериялы өндірісін құру арқылы көкөніс-бақша дақылдарының  егіс көлемі мен түсімділігін арттыру.

Шымкент қаласының ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасының мәліметіне сәйкес, РПМ-2 KZ шағын сериялы өндірісі көкөніс-бақша кластерінің егіс егу және отырғызу бойынша ауыл шаруашылық машиналарына сұранысты арттыруға, ауыл шаруашылық техникаларын импорттауды алмастыруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар жалдамалы жұмысшылар саны мен уақыт қысқарып, шығын көлемі азаятын болады.

Көкөніс шаруашылығында көшет отырғызу машинасын енгізу және дамыту нәтижесінде көкөніс-бақша шаруашылығында еңбек өнімділігі 2,5-3 есеге артады. Егіс алаңы екі есе ұлғайып, 4-5 мың гектарға жетеді деп күтілуде.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Tags: 13kz13kz.kz13кз
Previous Post

Мәжіліс депутаттары Шымкенттегі көп қабатты тұрғын үйлердің құрылысымен танысты

Next Post

Шымкентте мемлекеттік тілді меңгерген тұрғындар үлесі 93 пайызды құрайды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі