13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Қаладағы эпидахуал бойынша штаб отырысы өтті

16 августа, 2021
in Жаңалықтар
0
Қаладағы эпидахуал бойынша штаб отырысы өтті
Share on FacebookShare on Twitter

Бүгін Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтеновтің төрағалығымен коронавирус инфекциясына қарсы қалалық штабтың отырысы өтті.

Жыл басынан бері қалада 25 мыңға жуық адамнан коронавирус инфекциясы тіркеліп, оның ішінде бүгінгі күнге дейін 16 мыңнан астам науқас жазылып шыққан. Жалпы екпе науқаны басталғалы қаладағы 319 мыңнан аса тұрғын вакцинаның екінші компонентін қабылдаған.

Айта кетейік, соңғы аптада жедел медициналық көмекті шақырту көрсеткіші төмендеген. Мәселен, бір апта бұрын жедел жәрдем қызметіне бір күнде 2275 шақырту түскен болса, бүгінгі күні тәулігіне 2048-ді құрап отыр.

Ал, мобильдік бригадалар қызмет көрсеткен барлық пациенттерге клиникалық хаттама мен алгоритмге сәйкес емдеу тағайындалған. Базистік терапия анамнезінде 5756 пациенттің жағдайы жақсарғаны байқалған, бұл амбулаториялық бақылаудағы барлық пациенттердің 51,7% — ын құрайды екен.

Отырыс соңында жауапты мамандардың ұсыныс, пікірлерін тыңдаған қала әкімі короновирустық инфекцияның таралуына жол бермеу мақсатында мониторингтік топтың жұмысын жандандыруды сондай-ақ вакцинациялау жұмыстарын жүйелі жүргізу қажеттілігі туралы айтты.

Қазір диспансерлік науқастар тобына жататын адамдардың ішінде созылмалы ауруы бар науқастардың 54% вакцина алған. Әкім қаладағы ахуалды назарға алып, вакцина алуға қарсы медициналық көрсетілім болмаған жағдайда созылмалы ауруы барларды да вакцина салдыруға шақыруды айтты.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

 

Previous Post

2025 жылға дейінгі Жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту тұжырымдамасы

Next Post

Шымкентте 3 магистралды су құбырының құрылысы жүргізілуде

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі