13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Cаясат

Ата заңға құрмет — адал қызмет!

14 августа, 2021
in Cаясат
0
Ата заңға құрмет — адал қызмет!
Share on FacebookShare on Twitter

Ата заңымыз — еліміздің егемендігін  айқындайтын басты төлқұжаты. Халықтың өзі дауыс беріп, қабылдаған Ата заңымыз өркениетті мемлекеттің барлығына тән демократиялық қағидалармен толық қамтылған.  Конституция бірлігіміздің бекемдігін, мемлекеттік құрылыс пен еліміздің тұтастығын нақтылап берді. Ел тәуелсіздігінің отыз жылдығы қарсаңында Конституцияның мемлекет іргесін нығайтып, әлем елдерімен терезесін тең ұстаудағы беделін  бедерлеп, ұлтымызға сенімді серпін берген, тұрақтылыққа тегеурін болып келе жатқаныдығын айту керек. Сол үшін де Қазақстан Республикасының Конституциясы әлемдегі жалпыадамзаттық құндылықтарды дәріптейтін ең үздік 50 конституцияның бірі болып саналады екен.

Тауқымет жылдар мен сындарлы сәттерді басынан өткерген еліміздің тарих беттеріне үңілер болсақ,  хандық билік кезінде де Заңдар жинағы жарық көрген. «Қасым ханның қасқа жолы», «Есім ханның ескі жолы», Әз Тәукенің «Жеті жарғысы» — ел арасындағы түрлі мәселелерді заңмен реттеудің тиімділігін көрсеткен.Бұл жөнінде Елбасы «Қазақстандық жол» атты кітабында: «1995 жылғы Конституция тақыр жерде пайда болған жоқ. Ол егемен Қазақстанда Конституциялық құрылыс орнату үшін бұрыннан жинақталған тәжірибелерді, сондай-ақ біздің жағдайымызға сәйкес келетін ең прогресшіл шетелдік тәжірибелерді барынша толық пайдаланған еді. Сондықтан да, кімде-кім еліміздің Негізгі Заңының рухы мен маңызын терең түсінгісі келсе, оны жасаудың, қалыптастырудың тарихын жақсы білуі керек», — деген болатын.

Біле білсек, заң салтанат құрған қоғамда тынышытық пен береке, мамыражай заман орнайды. Біздің басты міндет Конституцияда көрсетілгендей, Заңның орындалуын қадағалау, мемлекет мүддесін қорғау. Ел игілігінен жеке басының мүддесінен биік көретін кейбір надандар ел тұрмақ мемлекетке қауіп төндіретін әрекеттерге барып жатады. Сол үшін өз қызметімізде қырағы, үздіксіз білім жетілдіруге ұмтылуымыз қажет. Ата заңға қызмет ету деген терең ұғым екенін әрбіріміз түсініп келеміз.

Ғасырлар тоғысында  түрлі ұлт өкілдері Конституция қағидаттары төңірегінде елдіктің арқасында  бір ел, бір халық болып топтастық. Мұның өзі біздің Ата Заңда барлық адамзаттық құндылықтар мен өркениеттік игіліктің барлығы қамтылғанының көрсеткіші.

Бүгінгі уақыттағы  конституциялық нормалар-  Қазақстан халқы үшін сенімді болашақты қамтамасыз ететін даму мен жаңғырудың негізі!Осы мерекеге орай барша елімізде  бейбіт өмір, сәтті бастамалар мен бақ-береке тілеймін!  Әлемді жайлаған мына ахуалда әрбіріңіздің деніңіз сау, бауырлырыңыз бүтін болса екен!

Бағлан Телеу

Шымкент гарнизонының

әскери прокуроры әділет полковнигі

Tags: 13kz13kz.kz13кзШымкент гарнизоныәскери прокуратура
Previous Post

Шымкентте көпқабатты 24 үйдің аулаларында абаттандыру жұмыстары басталды

Next Post

2025 жылға дейінгі Жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту тұжырымдамасы

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі