13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Солтүстікке қоныс аударушыларға 70 АЕК мөлшерінде көмек беріледі

13 августа, 2021
in Жаңалықтар
0
Солтүстікке қоныс аударушыларға 70 АЕК мөлшерінде көмек беріледі
Share on FacebookShare on Twitter

Оңтүстік өңірінің тұрғындарын солтүстікке қоныстандыру мәселелері бойынша онлайн дөңгелек үстел өтті.  Шымкент қоғамдық кеңестің мүшесі Рустем Ашетаев пен «SHANYRAQ» Отбасы институтын қолдау орталығының ұйымдастыруымен өткен шарада ZOOM арқылы қала тұрғындары Солтүстік Қазақстан облысының жұмыспен қамту орталығының мамандарымен тілдесе алды. Мемлекеттік бағдарламаның тиімділігі мен талаптары қала тұрғындарына кеңінен түсіндірілді.

Аталған бағдарламаның мақсаты — оңтүстіктен қоныс аударушыларды жұмыспен қамту. Өңір өкілдерінің айтуынша, қазіргі таңда солтүстік өңірде білікті дәрігерлер мен мұғалімдер сұранысқа ие.

Биыл оңтүстіктен қоныс аударған әр отбасы мүшесіне берілетін субсидия мөлшері — 70 АЕК. Яғни, 204 мың теңге қаражат көшіп жайғасу үшін көмек ретінде беріледі.

Айта кетсек, 2020-2021 жылы Шымкент қаласы бойынша 67 отбасы қоныс аударуға ниет білдірген. Жалпы өткен жылы оңтүстіктен қоныс аударған отбасылардың басым бөлігі ауылшарушылығы мен мал шаруашылығы кәсібімен айналысып, кәсіптерін дамытып отыр.

Солтүстікке қоныс аудару мәселесі бойынша Бәйдібек би даңғылы, 32 А ғимараты, «SHANYRAQ» Отбасы институтын қолдау орталығынан қосымша ақпарат алуға болады.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Previous Post

Шымкенттегі 144 көшеге шағал тас төселді

Next Post

Шымкентте көпқабатты 24 үйдің аулаларында абаттандыру жұмыстары басталды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі