13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Шымкент: Спорт баршаға қолжетімді болады

13 августа, 2021
in Жаңалықтар
0
Шымкент: Спорт баршаға қолжетімді болады
Share on FacebookShare on Twitter

Бүгін қала әкімі М.Әйтенов дене шынықтыру және спорт басқармасының өкілдерімен Шымкентте қолжетімді және бұқаралық спортты дамыту мәселесін талқылады.

«Салауатты өмір салты – дені сау ұлт қалыптастырудың негізгі шарты». Осылай деп мәлімдеген мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бұқаралық және балалар спортын дамыту стратегиялық басымдық екеніне назар аударды.

Қалада 2021 жылдың 6 айында дене шынықтырумен және спортпен жүйелі түрде шұғылданатын азаматтар саны 340 305 адам немесе қала тұрғындарының жалпы санының 31,2 пайызын құрады.

Бүгінде Шымкент қаласында мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында 5 спорттық клуб жұмыс істейді.

Атап айтқанда, Мирас спорт кешені. Мұнда 5 пен 18 жас аралығындағы балалар мен жасөспірімдер футбол мен дзюдо секциясына тегін қатыса алады.

Жаңа футбол алаңында 13 жасқа дейінгі балаларға арналған республикалық және халықаралық турнирлер өткізуге болады. Жаңа спорт нысанының ашылуы күзге жоспарланған.

Сондай-ақ, бокстан әлем чемпоны Біржан Жақыповтың «Әли спорт» клубы да  бокс пен дзюдодан болашақ чемпиондарды тәрбиелеуде. Мұнда 200 -ге жуық бала спорттан тәлім алып жүр. Жас спортшыларды алға қарай құлшындырушы — Біржан Жақыповтың өзі. Ол әлем чемпионы және Олимпиада ойындарына қатысушы.

Сондай-ақ, қала әкімі Қызылжар шағынауданындағы спорт кешенінің қызметімен танысты. Мұнда ұлдар мен қыздар бокс, дзюдо, грек-рим күресі және каратэмен тегін шұғылдана алады. Клуб каратэ мен күрестен алғашқы чемпиондарын дайындап шығарды.

Мемлекет басшысының Жолдауына сәйкес, қазақстандықтардың 35 пайызы бұқаралық спортпен қамтылуы тиіс. Осыған байланысты қала аумағында әрбір қала тұрғынын спортпен қамту үшін көптеген спорт алаңдарының құрылысы жоспарланған.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

 

Previous Post

Шымкентте екпе алуға үндейтін акция өтті

Next Post

Шымкенттегі 144 көшеге шағал тас төселді

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі