13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

«TEN QOGAM» Әлеуметтік орталық бір айда 1700-ге жуық мүмкіндігі шектеулі азаматқа қызмет көрсетті

12 августа, 2021
in Жаңалықтар
0
«TEN QOGAM» Әлеуметтік орталық бір айда 1700-ге жуық мүмкіндігі шектеулі азаматқа қызмет көрсетті
33
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Биылғы жылдың 1 шілдесінде қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасына қарасты «Шапағат» әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы жанынан «Ten qogam» әлеуметтік кеңес беру секторы ашылған болатын. Осы уақыт аралығында орталық қызметкерлері 1683 мүмкіндігі шектеулі азаматқа түрлі қызмет көрсеткен.

Атап айтқанда, орталық мамандары әлеуметтік қызметтер порталы арқылы көрсетілетін қызмет түрлеріне көмек беру, мүгедектігі бар қызметкерлерді жұмысқа қабылдау бойынша кеңестер беру, санаторий-курорттық емделуге жолдама алу,  «Бастау бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқытуға құжаттар тапсыру, жекелей сүйемелдеу және т.б. қызметтер бойынша көмек көрсеткен.

Айта кетсек, ерекше қорғалған азаматтар үйден шықпай-ақ электрондық қолтаңбамен http://aleumet.egov.kz сілтемесі арқылы әлеуметтік қызметтерді алуға мүмкіндігі бар. Портал арқылы таңдалған тауар азаматтың үйіне жеткізіледі немесе қоймадан өзі алып кете алады.

Мекен-жайы:Нұрсат ш/а, С.Бәйтереков көшесі,89 (1 қабат)

Шымкент қаласы бойынша мүмкіндігі шектеулі жандар саны – 36 919. Оның ішінде, I топ – 3326 адам, II топ – 14 846 адам, III топ – 12 287 адам, 16 жасқа дейінгі балалар – 6460 адам тіркелген.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Tags: 13kz13kz.kz13кз
Previous Post

Еңбекші ауданында 174 жәй серіктестік пен 6 мүлік иелерінің бірлестігі тіркелді

Next Post

Шымкентте кондоминиум объектілерін жаңа бірлестірге көшіру қарқынды жүруде

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі