13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Халықаралық туризм және меймандостық университеті 800 атаулы гранттарын ұсынады

11 августа, 2021
in Жаңалықтар
0
Халықаралық туризм және меймандостық университеті 800 атаулы гранттарын ұсынады
34
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Халықаралық туризм және меймандостық университеті — Қазақстандағы туризм мен қонақжайлылық саласында халықаралық деңгейдегі жоғары білікті мамандарды дайындайтын бірінші мемлекеттік профильді университет.

Халықаралық туризм және меймандостық университеті сіздерге келесі білім беру бағдарламалары бойынша оқуды ұсынады:

  • В091-Туризм
  • В093-Мейрамхана ісі және мейманхана бизнесі
  • В005-Дене шынықтыру мұғалімдерін даярлау

Оқу ордасы жоғары сапалы білім береді, ғылыми-зерттеу және шығармашылық қызметпен белсенді айналысады, сонымен қатар көптеген халықаралық ұйымдармен және қауымдастықтармен бірлесе жұмыс атқарады.

Университет студенттері халықаралық ұйымдарда бірегей қарым-қатынас тәжірибесімен қатар сапалы білім алады, өз саласының әйгілі мамандарымен бірге оқуға және бүкіл әлем бойынша кәсіби тағылымдамадан өтуге мүмкіндікке ие болады.

 Неліктен студенттер Халықаралық туризм және меймандостық университетін таңдайды?

  • Бизнеске бағытталған білім беру бағдарламалары мен мамандықтардың кең ауқымы.
  • Ірі әлемдік компаниялар мен «Rixos Antalya» қонақүйлерінде тағылымдамадан өту мүмкіндігі, Түркия Республикасы.
  • Сапалы оқу мен керемет өмір сүру жағдайлары.
  • Жоғары білікті оқытушылар.
  • Жоғары топтағы студенттер Дүниежүзілік туристік ұйымында (UNWTO) білімі мен дағдыларын жетілдіреді.

2021-2022 оқу жылына Мәдениет және спорт министрлігінен  университетімізге «В091-Туризм», «В093-Мейрамхана ісі және мейманхана бизнесі» және «В005-Дене шынықтыру мұғалімдерін даярлау»  білім беру бағдарламалары бойынша 800 грант орындары бөлінді. Талапкерлердің міндетті түрде бейіндік пәндері география және шет тілі болуы қажет. ҰБТ —  ның жалпы балы 50-ден жоғары. Бұл ретте ҰБТ-ның әр пәні бойынша кемінде 5 балл болуы қажет!

Халықаралық туризм және меймандостық университетінің грант конкурсына құжаттарды қабылдау 2021 жылдың 20 маусымы мен 19 тамызы аралығында жүргізіледі. Байқаудың қорытындысы 2021 жылдың 20-22 тамызы аралығында белгілі болады.

Халықаралық туризм және меймандостық университеті туралы қосымша ақпаратты ресми сайттан, сондай -ақ келесі байланыс телефоны арқылы алуға болады:

Мекен-жайы: 161200, ҚР, Түркістан қ., Рабиға Сұлтан Бегім көш., 14Б.

WhatsApp: +7 (707) 317-43-56, +7 (708) 225-83-27, +7 (777) 649-74-81, +7 (701) 703-57-57.

Instagram @tourism_university.

 

Previous Post

Шымкент үздік үштік қатарында

Next Post

Шымкент: «Жасыл ел» еңбек жасақтарының сенбіліктері жалғасуда

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі