13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Шымкентте жұмыспен қамту жол картасы аясында 400-ге жуық жаңа жұмыс орындары ашылуда

6 августа, 2021
in Жаңалықтар
0
Шымкентте жұмыспен қамту жол картасы аясында 400-ге жуық жаңа жұмыс орындары ашылуда
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкентте жұмыспен қамтудың 2020-2021 жылдарға арналған жол картасы шеңберінде ағымдағы жылы 12 инфрақұрылымдық  жоба нақтыланып, микрокредит беру және бизнесті дамыту бағыттары бекітілген болатын.

Жоба аясында 12 нысанның құрылысын жүргізу жоспарланған. Атап айтқанда, 2 білім беру, 1 спорт, 1 сумен және   8 электрмен қамту нысандары бой көтеруде. Онда 392 жұмыс орындарын құру жоспарланса, оның ішінде  198 орынға азаматтар жұмысқа  қалалық халықты жұмыспен қамту орталығы арқылы жолдау жоспарлануда.  Бүгінде  жоба аясында жалпы 230 азамат жұмысқа орналасса, орталық арқылы 154 азамат құрылыс жұмыстарына жолданды . Қазіргі таңда тартылған жұмыс күшімен нысандарда құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілуде.

Құрылыс нысандарының іске асырылуы барысымен Шымкент қаласының әкімдігі жанынан құрылған жол картасының іске асырылуын үйлестіру және мониторингтеу жөніндегі комиссия мүшелері танысты. Қала әкімінің орынбасары, басқарма өкілдері, қалалық мәслихат депуттары мен қоғамдық бірлестіктердің өкілдері және БАҚ өкілдерінен құралған комиссия мүшелері нысандарда атқарылып жатқан жұмыс барысы мен жұмысшылардың еңбек жағдайын бақылады. Мұндай шаралар алдағы уақытта да жалғасын таппақ.

Сондай-ақ, мемлекеттік бағдарлама аясында шағын, орта бизнесті дамыту, жұмыс орындарын құру үшін микрокредиттер беру көзделген. Жұмыс іздеп жүрген  азаматтар тұрғылықты жері бойынша халықты жұмыспен қамту орталықтарына  жүгініп, инфрақұрылымдық жобаларды іске асыруға қатыса алады.

Халықты жұмыспен қамту орталықтары қажетті біліктілігі бар мамандарды іріктеп, жұмыс беруші-мердігер компанияға жолдайды.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

 

Tags: 13kz13kz.kz13кзШымкент
Previous Post

Шымккентте тәуелсіздік жылдары 30-дан аса нысан ашылды

Next Post

Шымкент: 9 магистралды көшеде орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі