13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Шымкентте ем алушыларға арналған кітап сөрелері орнатылды

6 августа, 2021
in Жаңалықтар
0
Шымкентте ем алушыларға арналған кітап сөрелері орнатылды
Share on FacebookShare on Twitter

«Шымкент қаласының мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер» басқармасының бастамасымен қолға алынған «Кітап — жан дәрумені» жобасы аясында жергілікті 12 аурухана, емхана және балалар ауруханалары классикалық және заманауи авторлардың туындыларымен толықтырылды. Ем алушы шымкенттіктер қалаған кітабын алып, ауруханадағы уақытына өзгешелік енгізе алады.

“Өкінішке қарай, ауруханаларда науқастар саны азаймай отыр. Оған қоса, ұзақ мерзімді емге мұқтаж азаматтар да бар. Жерлестеріміздің еміне сәл де болса көмегімізді тигізсек деген ниетімізді осы жоба арқылы іске асырып отырмыз. Емделу тек физикалық қана емес, эмоционалдық жағдайға да байланысты. Кітап оқып, ойын жақсы жаққа аударудың әсері ем алушыларға тезірек сауығып кетуге ықпалын тигізеді деп үміттенеміз.” — дейді жоба ұйымдастырушылары.

Қазіргі таңда 12 ауруханада бастау алған бұл жоба басқа да қалалық ауруханаларда өз жалғасын табады деп күтілуде. Туындылар арасында М. Әуезов, У. Шекспир кітаптарын, заманауи жазушылардың еңбектерін және балаларға арналған сан алуан кітапшалар мен ертегілерді кездестіруге болады. Өз кітабымен бөлісуге ниет білдірген адамдар да кітап сөрелерін толықтыруға мүмкіндігі бар.

 

Tags: 13kz13kz.kz13кз
Previous Post

Шымкент базарларында санитарлық талаптардың сақталуы тексерілуде

Next Post

Шымккентте тәуелсіздік жылдары 30-дан аса нысан ашылды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі