13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Шымкент: Әлеуметтік дүкенде баға тұрақты

6 августа, 2021
in Жаңалықтар
0
Шымкент: Әлеуметтік дүкенде баға тұрақты
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкентте азық-түлік тауарларын нарықтағы құнынан арзан бағада саудалайтын тағы бір әлеуметтік дүкен ашылды. Бұл бастама Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтің «Егістіктен – дүкен сөресіне дейін» жобасы бойынша іске асырылуда. Осы орайда қала әкімі Мұрат Әйтеновтің қолдауымен аталмыш жоба Шымкентте сәтті орындалып келеді.

Жыл басынан бері қалада 2 әлеуметтік дүкен ашылды. Мұндай дүкендерді ашу ең алдымен азық-түлік бағаларын тұрақтандыру үшін керек. Содан соң мұндай сауда орындары бірінші кезекте халық тұтынатын күнделікті азық-түлік өнімдерін төмен әрі белгіленген бағада сатып алуға септігін тигізеді. Осы аптада шаһарда «QAZ ЕТ» әлеуметтік дүкені өз жұмысын бастады. Айта кетейін, осы жоба аясында үшінші мегаполисте алдағы уақытта әлеуметтік дүкендер саны артады. Осы бағытта қаламыздағы ірі шаруашылықтардың бірі, мал бордақылаумен айналысатын «Қасқасу-С» шаруа қожалығына айналым қаражаты ретінде 200 млн. теңге қолдау қаражаты беріліп, тиісті келісімшарт түзілді, — деді қалалық ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасының басшысы Асқар Қаныбеков.
Келісімшартқа сәйкес, жоғарыда аталған шаруа қожалығы шілде айында 18 шағынаудандағы Т.Рысқұлов көшесі бойынан бір әлеуметтік дүкен ашқан. Ал, Нұрсәт шағынауданындағы «QAZ ЕТ» шаруа қожалығының тұсауы кесілген екінші әлеуметтік дүкені. Онда көкөніс пен ет өнімдері белгіленген бағада сатылатын болады.
– Маусымдық кезеңде көкөністердің бағасы шарықтап кеткен шақта дүкенге келушілер өте көп болды. Күн сайын картоп пен көкөністер қаптап сатылып жатыр. Тағы да осында әлеуметтік дүкендер ашсам деген жоспар тұр. Алайда ол мақсатты іске асыру үшін қомақты қаражат керек. Қазір осы бағыт бойынша жұмыстарды қолға алудамын, — деді И.Гаджиев.
Өз кезегінде елімізге белгілі экономист Сапарбай Жобаев әлеуметтік дүкен ашып, халыққа жағдай жасауды дұрыс үрдіс санайды. Маманның пікірінше әлеуметтік дүкеннен бөлек базар ашуға да болатын көрінеді.
– Мәселен елордада «Шапағат» деп аталатын сондай базар бар. Онда сатушылар сауда жасайтын орынның жалақысын өте арзан бағада төлейді. Тіпті сауда қатарының құны тегін десе де болады. Есесіне базарда сатылатын азық-түлік өнімдері нарықтағы бағадан әлдеқайда арзан. Осы тәжірибені неге үшінші мегаполисте де жасап көрмеске?! Мұнан өзге өркениетті елдердегідей әлеуметтік саясатты дамыту үшін қалталы азаматтарға салынатын салықтың мөлшерін көтеруіміз керек, — деді С.Жобаев.
Экономистің пайымынша әлеуметтік дүкендер азық-түлік тауарларының бағасын реттеуге септігін тигізеді. Дегенмен оның бағаны бірқалыпты ұстауға шамасы келе бермейді. Сондықтан азық-түлік қоймаларын көбейту керек. Және бұл салада монополия болмауы тиіс, бәсекелестік нарық болған жерде спекуляцияға жол берілмей, баға да маусымдық кезеңде шарықтап кетпейді.

Previous Post

Шымкентте 30 азаматтың тұрғын үй сертификаты бойынша өтінімі мақұлданды

Next Post

Шымкент базарларында санитарлық талаптардың сақталуы тексерілуде

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі