13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Шымкент: Тозығы жеткен тұрғын үйлерді жаңарту бағдарламасы бекітілді

4 августа, 2021
in Жаңалықтар
0
Шымкент: Тозығы жеткен тұрғын үйлерді жаңарту бағдарламасы бекітілді
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкент қаласында тозығы жеткен тұрғын үйлерді түбегейлі жаңарту бойынша ірі құрылыс компанияларымен келіссөздер жүргізілуде. Жөндеу жоспарына кіретін көптеген үйлер қала орталықтарында орналасқандықтан инвесторлар бұл іске қызығушылық танытты.

Осыған байланысты бүгінде бірқатар құрылыс компанияларымен, оның ішінде Bi Group, Otau Group және т.б. компаниялармен келіссөздер жасалуда. Аталған реновациялық бағдарлама инвесторлар арқылы азаматтық заңнамаға сәйкес жүзеге асырылатын болады.

Реновация бағдарламасы әкімдіктің қаулысымен «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында бекітілді. Аталған бағдарлама бойынша жыл соңына дейін тұрғындардың келісімі алынатын үйлердің тізбесі анықталып, іске асыру көзделіп отыр.

Тұрғын емес үй-жайлардың меншік иесінің мүлкін реквизициялау кезінде оның құны толығымен өтелу арқылы меншік иесі келіскен жағдайда, өткізілетін мүлік үшін өтемақы немесе салынып жатқан нысандардағы ауданы жағынан бірдей тұрғын емес үй-жайлар беру арқылы қамтамасыз етіледі.

Айта кету керек, техникалық тексеру нәтижелері бойынша реновация бағдарламасына тозығы жеткен 107 тұрғын үй енгізілген. Оның ішінде Абай ауданы бойынша — 56, Әл-Фараби ауданы бойынша — 43, Еңбекші ауданы бойынша — 8 тұрғын үй.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

 

Tags: 13kz13kz.kz13кз
Previous Post

Шымкент: Еңбекші ауданында орналасқан тойханаларға карантиндік талаптардың сақталуы бойынша рейд жүргізілді

Next Post

Шымкент: Қоғамдық орындарда залалсыздандыру жұмыстары жүргізілуде

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі