13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Еңбек нарығына бейімделу — заман талабы

30 июля, 2021
in Жаңалықтар
0
Еңбек нарығына бейімделу — заман талабы
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкент қаласында «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде қысқа мерзімді кәсіптік оқыту курсын жүргізетін оқу орталықтарының қатарында «Мирас» колледжі мекемесі бар.

Мекемеде шаштараз шебері, маникюр шебері, визажист, тігінші, WEB-қосымшасын әзірлеушінің көмекшісі және дизайнер біліктіліктері бойынша білім беруде. Оқу орны 3 айлық кәсіптік оқыту курстарына 2017 жылдан бастап қатысып келеді.

Сондай-ақ, оқуын тәмамдаған азаматтарға еңбек нарығының сұранысына сай бос жұмыс орнына орналасуға мүмкіндік береді.

«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы бойынша оқуды аяқтағандарды тұрақты жұмысқа орналастырады.

Қазіргі күнге дейін аталған курс бойынша 725 білім алушы болса, оның ішінде 632-сі жұмыспен қамтылды.

33 жастағы Әйгерім Асқарбек мекемеде қысқа мерзімді кәсіптік оқыту курсында «WEB-қосымшасын әзірлеушінің көмекшісі» мамандығын бойынша дәріс алуда.

— Мен көп балалы ана болғандықтан бала тәрбиелеумен жұмыссыз үйде отырдым. Қазір осы мемлекеттік бағдарламаның арқасында өзім қалаған мамандық бойынша білім алып жатырмын. Оқуды бітіріп қолыма сертификатымды алған соң, биыл өз кәсібімді ашсам деген ниетім бар, — дейді Әйгерім Асқарбек

Айта кету керек, оқыту курстары 30-дан аса мамандықтар бойынша жүргізіледі: дизайнер, кондитер, тігінші, автоэлектрик, тас қалаушы, кран машинисті, визажист, шаштараз шебері, аспаз және т.б. мамандықтар бар. Қатысушыларға ай сайын 17 мың теңге көлемінде шәкіртақы төленеді.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

 

Tags: 13kz13kz.kz13кз
Previous Post

Тұран шағын ауданындағы жол құрылысы қарқынды жүруде

Next Post

Шымкентке арнайы іссапармен ҚР Денсаулық сақтау министрі келді

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі