13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Шымкент: «Жасыл ел» еңбек жасақтары Aбай ауданында сенбілік ұйымдастырды

30 июля, 2021
in Жаңалықтар
0
Шымкент: «Жасыл ел» еңбек жасақтары Aбай ауданында сенбілік ұйымдастырды
Share on FacebookShare on Twitter

Шымшаһарда көктемнің шуақты күндерінен бастау алған сенбілік жұмыстары жалғасын табуда. Бұл жолы қаланы қоқыстан тазартуға «Жасыл ел» еңбек жасақтары өз үлестерін қосып жатыр. 200-ге жуық жас бүгін Абай ауданы әкімі Бұхарбай Пармановпен бірге аудандағы көпқабатты тұрғын үйдің аулалары мен саябақтарды, көшелерді күл-қоқыстан тазартуға атсалысты.

Іске кіріскендер тазалықты тапсырма берілгендіктен емес, өз қалаларының тазалығына, гүлденуіне арнайы уақыт бөлінгеніне ризашылықпен атқарып жатты. Ал аудан басшысы сенбіліктің жастардың бойындағы патриоттық сезімдерін оятуда маңызы зор екенін атап өтті.

– Сенбілік — халықты игілікті іске шақыру. Әр адам өз үйін, ауласын таза ұстаса қаланың тазалығы мен көркіне көрік қосар еді. Сенбіліктің жастарға пайдасы зор. Олар сенбілікке шығып, талдарды әктеп, гүлдерге су құйып, айналаны сыпырып, қоқыстарды жинау арқылы қоғамға басқаша көзбен қарайтын болады. Барлығы еңбекпен жасалатын дүние екенін ұғынады. Қала ортақ мекеніміз. Деніміздің саулығы шаһардың тазалығына тікелей байланысты. Белсенділік танытқан жастарға айтар алғысым шексіз. Осылайша, тазалық жанашырлары қоқыс қалдықтарын шығарып, ортақ мекеннің көркеюіне өз үлестерін қосып жатқаны қуантады, — дейді Бұхарбай Парманов.

Жалпы, бағдарламаның негiзгi мақсаты – жалынды жастардың көмегімен қаланың күл-қоқыстан тазарту. Сонымен қатар, жастардың Отанға, жерге деген махаббатын, патриоттық сезiмiн ояту. Ең бастысы – жастардың бос уақытын еңбекпен, тиімді өткізуге баулу.

– Екі айлық бағдарламаға жұмысшы топ құрамына 1200 жас қабылданып, қарқынды жұмыс жасауда. «Жасыл елдіктер» қатарын негізінен студенттер мен мектеп оқушылары құрайды. Олар ақылы негізде осы жұмыстарды атқарып жатыр. Бағдарлама аясында 16 мен 29 жас аралығындағы жастар қабылданды. Сонымен қатар, белсене қатысқан жастарға жыл қорытындысы бойынша арнайы сыйлықтар табыстау жоспарлануда, — дейді «Жасыл ел» еңбек жасақтарының жоба үйлестірушісі Абай Андабаев.

Айта кетейік, сенбілік жұмыстары демалыс күндері Еңбекші ауданында жалғасады.

 

Previous Post

Шымкент: Әуежай терминалына кіреберіс автомобиль жолының құрылысы жүргізілуде

Next Post

Тұран шағын ауданындағы жол құрылысы қарқынды жүруде

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі