13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Қала әкімі шахмат бәсекесінің жеңімпаздарын марапаттады

29 июля, 2021
in Жаңалықтар
0
Қала әкімі шахмат бәсекесінің жеңімпаздарын марапаттады
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкентте шахматтан жасөспірімдер арасындағы Қазақстан Республикасы чемпионатының жеңімпаздары анықталды. 8-18 жас аралығындағы жасөспірімдердің зияткерлік сайысына кіл үздіктер қатысты.

Шахмат ойындары бойынша жасөспірімдер арасындағы ел біріншілігі Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтеновтың бастамасымен, барлық қауіпсіздік шараларын сақтай отырып, жауапкершілікпен жүзеге асырылды.

Қала әкімі Мұрат Әйтенов үздік шыққан жас шахматшыларды арнайы қабылдап, қаржылай жүлдемен марапаттады.

— Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында қаламызда жасөспірімдер арасында республикалық деңгейдегі шахмат турнирі бірінші рет өткізілді. Осы онкүндікте балалар мол тәжірбие жинап, жаңа орта қалыптастырды деп ойлаймын. Шымкент қаласында шахматтың қарқынды дамуына барлық мүмкіндіктер бар. Қала мектептерінде шахмат арнайы пән ретінде енгізілді. Оқушылар арасында шахмат турнирі үшінші мәрте өткізіліп отыр. Сіздердің талаптарыңыздың арқасында көптеген жастарымыз жігерленеді. Алдағы уақытта әлем біріншіліктерінде үздік болатындарыңызға сенемін, — деді Мұрат Дүйсенбекұлы құттықтау сөзінде.

Қазақстан шахмат федерациясының атқарушы директоры Ануар Исмағамбетов күрделі кезеңде аса жоғары жауапкершілікпен ел біріншілігінің өтуіне қолдау көрсеткені үшін қала әкіміне алғысын білдірді. Бұл турнирде жасөспірімдер арасында үздік ойыншылар қатысқандығын, Шымкент қаласында көптеген талантты жастар өсіп жатқандығын айта отырып, қаланың Қазақстанның шахмат астанасы атануы көптен күткен мәселе екендігін жеткізді.

Кездесу барысында алдағы уақытта қалада шахмат клубтарының желісін қалыптастыру, осы ойын түрінен түрлі деңгейдегі сайыстар өткізу жоспарланып отырғандығы айтылды.

Айта кетсек, чемпионатта Шымкент қаласынан Зейнеп Сұлтанбек (18 жасқа дейінгі қыздар арасында), Аяулым Қалдарова (14 жасқа дейінгі қыздар арасында) I орынды жеңіп алды.

Іріктеу сынынан сүрінбей өткен жасөспірімдер енді еліміздің намысын әлем және Азия чемпионатында қорғайтын болады.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

 

Tags: 13kz13kz.kz13кз
Previous Post

Түркістан облысындағы полигонда нұсқаулық-әдістемелік сабақ өтті

Next Post

Шымкент: Мүмкіндігі шектеулілерге жағдай жасау - басты талап

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі