13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Шымкентте экскурсия жетекшілері мен қонақ үй әкімшілеріне арналған семинар тренинг басталды

28 июля, 2021
in Жаңалықтар
0
Шымкентте экскурсия жетекшілері мен қонақ үй әкімшілеріне арналған семинар тренинг басталды
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкент қаласы  туризм және сыртқы байланыстар басқармасына қарасты «Visit Shymkent» туристік ақпараттық орталығының ұйымдастыруымен гид-экскурсовод және қонақ үй қызметкерлеріне арналған семинар тренинг басталды. Іс-шараның басты мақсаты туризм саласындағы мамандардың қызмет көрсету сапасын жақсарту және білімін жетілдіру болып табылады.

Арнайы семинарда халықаралық коуч-тренер Майра Рахымбекова – «TURAN» университетінің туризм және сервис кафедрасының доценті, АТУ жанындағы Қазақстан – Швейцария туризм және мейманхана бизнесі институтының директоры — Ғалия Өтебекова, сондай-ақ Түркия Республикасынан онлайн байланыс арқылы коуч-тренерлер Mustafa Kemal және Ceri Erdal өз біліктіліктерімен бөлісті.

Тәжірибелі мамандардың айтуынша аймақтың туризмін одан әрі дамыту үшін шетелдік арналарға жарнамаларды көбірек шығарып әр қаланың әдемі жерлері туралы роликтердің жариялануына жалпы маркетинг бағытын қарқынды қолға алу қажет екендігін айта өтті.

Сан ғасырлық тарихы бар Шымкент қаласының туристік әлеуетін жетілдіруде, отандық және шетелдік туристерге ақпарат жеткізуде экскурсия жетекшілері мен гидтердің рөлі ерекше. Себебі кәсіби гид-экскурсовод бұл туристерге алғашқы әсер қалдыратын тұлғаның бірі. Сондықтан семинарда — қаламызға келетін туристермен жұмыс істейтін гид-экскурсоводтардың біліктілігін арттыруға басымдық берілді.

Айта өтейік, барлық санитарлық талаптар сақтала отырып, сала өкілдерінің бас қосуы екі күнге жалғасатын болады.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Previous Post

Қаланың жылу беру маусымына дайындығы пысықталды

Next Post

Шымкентте арнайы сайт арқылы қоғамдық көлікке қатысты шағым қалдыруға болады

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі