13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Шымкент: Кадрлық әлеуетті тиімді пайдалану міндеті жүктелді

28 июля, 2021
in Жаңалықтар
0
Шымкент: Кадрлық әлеуетті тиімді пайдалану міндеті жүктелді
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтеновтің төрағалығымен өткен жиында қалалық білім басқармасының бірінші жартыжылдықта атқарған жұмыстарының есебі тыңдалып, жаңа оқу жылына дайындық мәселесі пысықталды.

Қаланың алдағы бес жылға арналған даму жоспарында адами капиталды дамыту басымдығы айқындалған. Оның аясында білім саласын ілгерілетудің 5 негізгі бағыты белгіленген.

Педагог кадрлардың әлеуетін дамыту шеңберінде мектепке дейінгі ұйымдардан 190 педагог қайта даярлау курстарынан өткізісе, мектептердегі 2657 педагог кадрлар Ұлттық біліктілік тестілеуіне қатысқан. Педагог қызметкерлер бекітілген жоспар бойынша біліктілікті арттыру курстарымен қамтылуда.

Республикалық «Үздік педагог» байқауына 21 педегог ұсынылса, «Күнделік kz» жобасы бойынша Шымкент қаласы екі мәрте «Алтын түйме» иегері атанды. Кадрлық резервтен білім беру мекемелерінің басшылығына 28 үміткер тестілеуден өткізіліп, шекті бал жинаған. Олардың ішінен 6 үміткер мектеп директоры лауазымдарына қабылданған.

Қалада 30 колледж қызмет атқарып, техникалық және кәсіптік білім беруді іске асырады. Оның ішінде 11 колледжде инклюзивті білім беруге жағдай жасалған. Колледж студенттеріне өндіріспен ұштастырылған дуальды оқыту әдісінің қолданылу мүмкіндігін арттыруда 96 әлеуметтік серіктестіктермен келісім жасалып, осы жүйемен білім алған студенттің білім алған мерзімі еңбек өтілі ретінде есептеледі.

«Жас маман» жобасы аясында былтыр екі колледж қайта жабдықтаудан өткізілсе, биыл мұндай жұмыстар тағы бес колледжде атқарылмақ.

Қала әкімі білім саласының көрсеткіштерін талдап, қалада педагог кадрлардың біліктілігін көтеруге барлық мүмкіндіктер қарастырылу керектігін назарға алды. Бүгіннің өзінде кейбір оқу пәндері бойынша білікті ұстаздардың жетіспеушілігі орын алып жатқандығына тоқталып, қажетті кадрларды даярлауда жоғары оқу орындарымен тығыз байланыста жұмыс жүргізуді тапсырды. Білім беру ұйымдарының кадрлық құрамдарын, мұғалімдердің жұмыс жүктелімдерін талдаудан өткізіп, кадр жетіспеушілігі орын алып отырған мектептердің мәселесі бірінші қыркүйекке дейінгі мерзімде оңтайлы шешілуі тиіс деген талап қойды.

Техникалық және кәсіптік оқу орындарының ахуалына тоқталған қала басшысы, құрылыс жұмыстарының көлемі соңғы 3 жылда үш есе артқанын, алдағы жылдары бұл көрсеткіштің әлі де еселене түсетінін атап өтті. Құрылысқа қажетті мамандар тапшылығы айқын сезіліп отырғандығын айта отырып, колледждер базасында құрылысшы мамандықтарына оқытатын қысқамерзімді курстар ұйымдастыру мүмкіндіктерін қарастыруды тапсырды. Бұл бағытта салалық басқармаларға құрылыс жұмыстарына тартылған мердігер ұйымдардан қажетті мамандықтар тізбесін жасақтау міндеттері тапсырылды.

Қала басшысының айтуынша, жиын барысында жүктелген талаптар кадрлық әлеуетімізді тиімді пайдалануға мүмкіндік беріп, жұмыссыздық мәселесін оңтайлы шешуге ықпалын тигізеді.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

 

Previous Post

Қаратау ауданында көп қабатты үйлерді басқарудың жаңа нысаны түсіндірілді

Next Post

Басты мақсат – сыбайлас жемқорлықты алдын алу

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі