13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Түркістан облысының мұғалімдері оқушыларды лидерлікке тәрбиелеуді үйренуде

28 июля, 2021
in Жаңалықтар
0
Түркістан облысының мұғалімдері оқушыларды лидерлікке тәрбиелеуді үйренуде
Share on FacebookShare on Twitter

«Jas Leader Akademiiasy» бағдарламасы Түркістан қаласында бастау алды. Бағдарламаның мақсаты – қазақ мектептерінің 5-11 сынып оқушылары арасында көшбасшылық қабілеттерді қолдау және дамыту. Балаларға қарым-қатынас дағдылары үйретіледі – бұл көпшілік алдында сөйлеу, уақытты жоспарлау және басқару, өзін-өзі таныстыру және өзіне деген сенімділікті дамыту.

Оқушыларға қарым-қатынас, сыни ойлау негіздерін, көпшілік алдында сөйлеу және келіссөз жүргізу дағдыларын тиімді пайдалану үйретіледі. Факультатив сабақтар, ай сайынғы кездесулер, шеберлік сыныптар, танымал тұлғалардың қатысуымен көшбасшылық тренингтер және үздік оқушылар марапатталатын жыл сайынғы конференциялар жоспарланған.

«Болат Өтемұратов қоры мен Түркістан облысы әкімдігі арасында меморандум түзілген. Бұл жоба соның аясында жүзеге асып отыр. Ерекше жоба 5 жылға жалғасады. Яғни, қазір оқытылған 100 мұғалім бір жылдың көлемінде үйренген әдіс-тәсілдерін мектептерінде өтетін факультатив сабақтарында пайдаланып, өздерінің есептерін беретін болады. Жоба мамандары тренингке қатысқан мұғалімдердің мектептеріне барып, сынып жағдайында бағалау жұмыстарын жүргізеді. Ал, жыл соңында жиын өткізіліп, дәрес алған ұстаздардың үздіктерін марапаттап, жаттықтырушы атанады. Осылайша 5 жылда жаттықтырушылардың сандарын арттыруды көздеп отырмыз», – деді Түркістан облысы Адами әлеуетті дамыту басқармасының басшысы Рахымбек Жолаев.

Бағдарлама аясында бір ай ішінде Түркістан мен Түркістан облысының және Шымкент қаласының 50 пилоттық мектебінен 100 мұғалім тренингке қатысады. Бағдарламаны бірінші болып 15 000-нан астам бала оқуды бастайды. Алдағы бес жылда Жамбыл, Қызылорда, Атырау, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе және Алматы облыстары қамтылмақ. Бағдарламаның жалпы бюджеті 5 млн. АҚШ долларын құрайды.

«Бағдарламада ұстаз рөлі ерекше көрсетілген. Біздің бағдарламада жаттықтырушы қатысушыларға басымдық бермейді, олармен бір деңгейде орналасады. Ол «жоғары тұрған – төмен тұрған» позициядан емес, «теңге тең» позициясы бойынша әрекет етіп, оларға материал алуға, білім мен тәжірибе жинауға көмектеседі», – дейді Болат Өтемұратов Қорының директоры Марат Айтмағамбетов.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

 

Tags: 13kz13kz.kz13кз
Previous Post

Індеттің алдын алу – вакцинация!

Next Post

Көлік қозғалысын реттеуде жүйелі жұмыстар атқару тапсырылды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі