13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Шымкент пен Алматы қалалары арасында туризмді дамытуда әріптестік байланыс орнады

27 июля, 2021
in Жаңалықтар
0
Шымкент пен Алматы қалалары арасында туризмді дамытуда әріптестік байланыс орнады
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкент қаласының туризм және сыртқы байланыстар басқармасы мен «Visit Shymkent» орталығының өкілдері Орталық Азиядағы ауқымды шаралардың бірі саналатын KITF халықаралық туристік көрмесіне қатысуда.

Апта басында басталған шараның мақсаты – мемлекеттік қолдау шаралары мен туризм инфрақұрылымын жақсарту, заңнамалық жаңалықтарды талқылау. Сондай-ақ туризмнің жекелеген түрлері: эко — агротуризм, жағажайлық демалыс, мәдени-тарихи, медициналық, гастрономиялық туризм бағыттарын қарқынды дамытудың мүмкіншіліктерін талқыға салу.

Бағдарламаның алғашқы күнінде Шымкенттік делегаттар көрме қонақтарына Шымкент қаласының туристік әлеуеті туралы ақпарат беріп, отандық және шетелдік туристердің қызығушылығын оятатын қаламыздың тарихи-мәдени нысандарын таныстырды.

Бүгінде Қазақстанға келетін туристердің (ішкі туризмді қоса алғанда) 40 пайызын Алматыға келушілер құрайды. Яғни сырттан келуші шетелдік туристердің саны бойынша Алматы қаласы абсолютті көшбасшы. Бұл орайда көрікті шаһардың туристік бағыттағы тәжірбиесі өзге өңірлерге ауадай қажет. Енді туристерге ыңғайлы орта қалыптастыруда Алматы мен Шымкент қалалары өзара әріптестік байланыс орнатты.

— «Visit Shymkent» және «Visit Almaty» туристік ақпараттық орталығы туризмді дамыту саласындағы бірыңғай мемлекеттік саясатты бірлесе іске асыру, «Ұлы Жібек жолы» тізбесін жалғай отырып туристік турлар ұйымдастыру және семинарлар өткізу туралы

ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Бұл келіссөз алдағы уақытта Шымкент қаласының туристік әлеуетін арттыруға оң ықпал етеді деп ойлаймын»,- деді «Visit Shymkent» орталығы басшысының орынбасары М. Амангелдіұлы.

Айта кетейік, іс-шараға мемлекеттік органдар, жергілікті атқарушы органдар, туристік қауымдастықтар, туроператорлар, турагенттіктер және туристік объектілердің өкілдері қатысуда.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

 

Tags: 13kz13kz.kz13кз
Previous Post

Қаратау ауданының әкімі тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдады

Next Post

Шымкенттегі әдет- ғұрып және салт-дәстүр орталығына қошқар мүйізді текемет салынды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі